Мәселе

ЭКСПО-ға келіп, қазақтан сәби сүйді: африкалық әйел қазір қалай тұрып жатыр

  • ЭКСПО-ға келіп, қазақтан сәби сүйді: африкалық әйел қазір қалай тұрып жатыр

    ЭКСПО-ға келіп, қазақтан сәби сүйді: африкалық әйел қазір қалай тұрып жатыр

Жас әйел Қазақстанға табыс табу үшін келген. Визасының мерзімі өтіп кетіп, емшектен шықпаған сәбиімен жалғыз қалды


Конгодан Қазақстанға келіп, сәби сүйген Моника Камукендж Камганза "Аналар үйіне" орналастырылды, деп хабарлайды осы жас әйелге қамқор болған "Қорғау Астана" қорының жетекшісі Анна Рыль.

Естеріңізге сала кетсек, 27 жастағы Моника Астанаға "ЭКСПО-2017" көрмесінде жұмыс істеу үшін келген. Алайда осы кезде Қазақстанда жүруіне рұқсат беретін құжаттарына қатысты қиындық туындайды. Оның үстіне әйел сәбиін жергілікті азаматтан босанғанын айтады. Енді бар қиындықтарымен жалғыз өзі қалып отыр.

Әйелге перзентханада босану үшін ақша төлеуге көмектесті. Блессинг (ағылшын тілінен аударғанда Құдай берген деген мағынаны білдіреді) атты қызы екеуі "Қорғау Астана" қорының қамқорлығында болды.


"Бүгін Мониканы біздің орталықтан аналар үйіне шығарып салдық. Ол сол жерде алты айға дейін тұра алады. Осы үшін серіктестеріміз "Аналар үйі" қорына алғыс айтамыз. Моника бізде маусым айынан бастап тұрды. Өкінішке қарай, бізде қордың мүмкіндіктері шектеулі. Оның үстіне қазір жылдың басы. Сондай-ақ, біз халықаралық Қазақстанға қоныс аудару ұйымына алғыс айтамыз. Олар бізге перзентханаға ақша төлеп, бастапқыда күтім жасауға және сәбиге керектіні сатып алуға көмектесті", — деп жазды қор басшысы Анна Рыль өзінің Facebook парақшасында.

 




Көрілген: 400    Пікірлер: 0

жұма, 11.01.2019, 15:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31