Мәселе

Елбасыға сөз беріп, қазақ азаматынан екі бала сүйіп отырған орыс қызы кім?

  • © NUR.KZ

    © NUR.KZ

Елбасыға қазақ жігітіне тұрмысқа шығамын деген орыс қызы уәдесінде тұрып, екі баланың анасы атанып отыр, деп өңірдегі NUR.KZ тілшісі хабарлайды.


ОҚО тұрғыны Юлия Дробязка осыдан 13 жыл бұрын елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың облысқа жасаған сапары аясында жастармен кездескен сәтінде күллі жұртшылық алдында қазақ жігітіне тұрмысқа шығып, қазақ халқының санын арттыруға өз үлесін қосуға уәде берген болатын.


Бойжеткеннің бұл тілегі қабыл болып, ол бүгінде қазақ шаңырағының ибалы келіні атанып отыр. Киелі Отырар ауданына келін боп түскен орыс қызы бұл туралы Шымкентте өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық филиалының кезекті сессиясында айтты.


"Мен кең-байтақ қазақ даласын Отаным деп білетін орыс қызымын. Бүгінде берекелі қазақ отбасының түтінін түтетіп отырған инабатты келін әрі екі баланың ардақты анасымын. 2005 жылы бүкіл ел алдында президентке болашақта қазақ жігітіне тұрмысқа шығып, қазақтың санын көбейтуге уәде бердім. Елбасының алдында сөз сөйлеп, уәде беру үлкен мәртебе әрі жауапкершілік болса, оны орындау мен үшін мерейлі міндет деп білдім. Міне, бүгінде сол уәдемде тұрып, қазақ жігітіне тұрмысқа шықтым. Жолдасым – қазақ. Балаларым қазақ. Өзім де қазақ боп кеткенмін. Отырардағы үлгілі келіндердің санатындамын", - деді орыс қызы.


Сөз барысында Юлия Дробязка қазақ шаңырағына келін атанудың басты ерекшелігін де атап өтті.


"Қазақтың келіні болу – керемет, ең бастысы – ағайын-туыстардың көптігі. Отбасымызбен қазақ, орыс мейрамдарын атап өтеміз. Өзара қазақ-орыс тілдерінде сөйлесеміз", - деген келіншек облыс әкімі Жансейіт Түймебаевқа қазақтану бойынша арнайы бағдарлама қабылданса деген тілегін де жеткізді. 




Көрілген: 2474    Пікірлер: 0

жұма, 01.06.2018, 16:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31