Мәселе

«Елімнің игілігі үшін аянбай еңбек етемін»

Қазақстан Респуб­ли­ка­сы­ның Президенті Н.Ә.Назар­баевтың «Болашақ» халықаралық стипендиясы дарынды жастарға жинақ­таған тәжірибесін келешекте мемлекет игілігіне пайдалану үшін шетелде сапалы білім алуға көмектесу идеясына негізделген. Сондай дарынды жастың бірі – «Болашақ» бағдар­ла­ма­сының түлегі Жандос Ора­залин. Бүгінде ол – әлемдегі ең бедел­ді техни­ка­лық оқу орны саналатын Массачусетс технологиялық институтының (МІТ) докторанты.



– Жандос, естуімізше, Массачусетс тех­нологиялық университетінде «Бо­ла­шақ» бағдарламасының соңғы он жыл­дан бергі тұңғыш стипендиаты ата­ныпсың. Ал елде қандай оқуды бітіріп едің?

– 2004 жылы Қарағандыдағы Н.Нұр­ма­қов атындағы қазақ тілін тереңдетіп оқы­татын №2 облыстық мектеп-интер­на­тын тамамдадым. Одан кейін Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде құрылыс мамандығын оқыдым. Бала кез­ден физика, химия және математикаға қы­зығушы едім. Тек 7-сыныпта Ванесса Мэй өнерінің әсерімен скрипкада ойнауға құмарттым. Бірақ музыка мектебінің тала­бы бойынша, жасым асып кетіпті. Сон­дық­тан Қарағандыдағы №1 балалар музыка мек­тебінің кешкі бөліміне барудан басқа амал қалған жоқ. Әйтсе де музыка мек­те­бін­де скрипка класы бойынша аспапты бір жылда меңгеріп, жеке концерт беретіндей дәрежеге жеттім. Соның арқасында мектептің күндізгі бөліміне қабылданып, му­зыка мектебін мерзімінен бұрын үш жыл­да бітіріп шықтым.

– Ал «Болашақ» бағдарламасына қа­лай іліндің?

– Президенттің халықаралық «Бола­шақ» бағдарламасы өзімнің ғылыми-зерт­теу әлеуетімді ашуға ықпалын тигізді деп ойлаймын. Әлбетте, бағдарлама аясында алған білімімді өз Отанымды көркейтуге пайдаланамын. Меніңше, Елбасының осындай бастамасы елдегі бүкіл жастардың өз қарымын танытуына және діттеген мақ­са­тына жетуге мүмкіндік береді.

Еліміздегі бакалавриат бағдарламасын аяқтаған соң, Президентіміздің «Болашақ» халықаралық стипендиясының магис­тра­тура бағдарламасына өз мамандығым бойынша өтініш білдірдім. Іріктеу кезең­де­ріндегі тестілерде мемлекеттік және ағыл­шын тілін жетік меңгергеніңді дәлелдеуің керек. Оған қоса психологиялық емтихан, ақыл-ой деңгейін тексеретін тест тап­сырасың. Содан кейін Тәуелсіз сарапшылар ко­миссиясы мүшелерінің алдынан өтесің. Бай­қаудың осындай кезеңдерінен сүрін­бей өтіп, құрылыс мамандығы бойынша «Болашақ» стипендиясына қол жеткіздім.

Сол жылдардағы бағдарлама шартына сәйкес, жалпы конкурстағы техникалық мамандық бойынша, кіріспе емтихандары мен академиялық оқуға дайындалу үшін сол білім алатын елдегі тіл курстарында оқуға мүмкіндік ұсынылатын. Менің АҚШ-тағы тұңғыш университетім Аризона мемлекеттік университеті (ASU) болды. Мұнда оқу бағдарламасын үздік бітіріп шық­қан соң, Нью-Йорктегі Колумбия уни­вер­ситетінде магистратура сынағына дайын­дықты жалғастырдым. Осы оқу оры­н­дарында білім алудың арқасында ағыл­шын тілі мен АҚШ мәдениетін зерт­теуге, сондай-ақ қарымды про­фессорлармен араласу мүмкіндігіне ие болдым. Олар менің ғылымға деген ын­тамды байқаған соң, өз дә­рістеріне қатысуға, ғылы­ми-зерттеу қызметіне ара­ла­суға рұқсат берді. Ма­гис­тра­тураның (TOEFL GRE) бар­лық кіріспе ем­ти­хан­дарын үздік тап­сырған соң, он шақты уни­верситетке академиялық оқуға құжат тапсырдым. UC Berkeley, Cornell, Columbia University, ASU, UCLA, Virginia Tech сияқты университеттерден шақыру алдым. Бірақ олар­дың арасынан МІТ-ті таң­да­дым.

– МІТ жайында толы­ғы­рақ мағлұмат бере кет­сеңіз.

– Массачусетс тех­но­ло­гия­­лық университеті – уни­вер­ситет әрі зерттеу орта­лы­ғы. Әлемдегі ең беделді тех­никалық оқу орнының бірі. Массачусетс шта­тын­дағы Кэмбридж қаласында. Екі үздік уни­вер­ситетімен әйгілі: гуманитарлық ғылым­дар бойынша Гарвард университеті және техникалық ғылымдар бойынша – Мас­са­чу­сетс технологиялық университеті. Осы МІТ қабырғасында Нобель сыйлығы лау­реат­тарының көпшілігі ғылыми-зерт­теу­лерін жүргізеді.

Шыны керек, МІТ менің үмітімды ақта­ды. Мұндағы зертхананың шексіз қорын пайдаландым, көрсем деп арман­даған профоссорлардың дәрістері мен се­ми­нарларына қатыстым. Күрделі гео­тех­ни­калық жағдайда іргетас құрылысы мен жалпы құрылыс жүргізу саласында зерт­теу­лер жүргіздім. Екі жыл оқыған соң ғылыми жетекшім зерттеу жұмыстарымды МІТ қаржыландыруымен PhD док­то­рантурасында жалғастыруды ұсынды.

– Докторантураға түсу шарттары қан­дай екен?

– PhD докторантурасына түсу және университет грантын иелену үшін алған біліміңді және ғылыми-зерттеудегі тәжі­рибеңді дәлелдеуге тиіссің. Док­то­ран­тураға түсу кезеңдеріне тоқталсақ, бірінші кезең – негізгі бес пән бойынша емтихан тап­сырасың. Үш жарым тәулікке созылатын осы кезең ең қиыны, одан өткеннен кейін бір апта бойы күш жинауға тура келеді. Екінші кезең – ауызша емтихан және пре­зентация, яғни МІТ-тің бес про­фес­со­ры­ның алдында белгілі бір ғылыми та­қы­рыпта алған біліміңді қорғайсың. Әй­теуір, барлық сыннан өтіп, PhD док­торан­ту­ра­сында білім алуға МІТ грантын иелендім.

– Енді алдағы кездегі жоспарың қандай?

– МІТ докторантурасында ең алдыңғы қатарлы және заманауи білім алған соң, түрлі апатқа төтеп беретін, адам құрбанына жол бермейтін құрылыстың неғұрлым тиімді тәсілдері мен жаңа технологияларды ел ішінде қолдануға енгізсем деймін. Туған елімде ғылыми жаңалықтар ашылып, бүкіл әлемде пайдаланатын технологиялар шығарылса деп армандаймын. Өзім де осы бағытта аянбай еңбектенемін.

– Жандос, мақсат-мүддеңнің орын­да­луына тілектеспіз. Ал енді өзің секіл­ді жастарға қандай кеңес айтар едің?

– Соңғы кезде жеке бастың дамуы мен жетістікке жету жолдарын ұсынатын әде­биет көбейді. Дегенмен өз басым аме­рикалық жазушы, журналист һәм психолог Наполеон Хиллдің «Ойлан және байи түс» деген еңбегін оқуды ұсынар едім. Атауына қарап, бұл кітап тек баюдың жолдарын үйретеді дейтіндер қателеседі. Классиктің пәлсапасы өмірдің барлық саласында жетістікке жету жолына жетелейді. Ең қы­зығы, осы еңбекті жазуға 20 жылдан астам уақыт жұмсалса да, ол 1937 жылы жарық көрген. Ал ішіндегі ой-пікір ескірген жоқ. Мен жастарды еңбекке, төзімділікке ша­қы­рамын.




Көрілген: 829    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сенбі, 14.07.2012, 10:10

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Маусым, 12:56
    Ұрлық түбі – қорлық

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30