Мәселе

Елімізде 41 су бөгеті жарылайын деп тұр

  • © ktk.kz

    © ktk.kz

Тез арада жөнделмесе, тоспалар қирап, топан су маңайындағы ауылдардың бәрін астаң-кестеңін шығармақ. Телегей су Астананың әуежайы да алып кетуі мүмкін. Олқылықтың алдын алуы тиіс Ауыл шаруашылығы министрлігі болса, Үкіметтен ақша сұрап алақан жайып отыр. Ал алдағы демалыста еліміздің төрт облысында жаңбыр мен қар аралас жауын күтілуде. Бұл онсызда қиын жағдайды ушықтырары анық.


Назарбаев атындағы әуежайдың тағдыры қыл үстінде. Күніне орта есеппен 200-ге тарта әуе кемесі ұшып-қонып, 12 мың жолаушы ағылып жатқан халықаралық әуежайға Есіл өзені қатер төндіріп тұр.


Көктемде Вячеслав су қоймасы тасып кетсе, ерке Есіл тулап шыға келетін түрі бар. Ол кезде әуежайдың дәл түбінде жатқан Майбалық көлі де мінез көрсетпек. Беті тегіс, жылмиып жатқанымен, әуежайға келетін қауіптің көкесі осыдан келмек. Одан құтылу үшін су ағызу арнасын салу керек.


Юрий Ильин, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары:


-Су жіберу арнасының құрылысын салу үшін Ауылшаруашылығы министрлігі сметалық құжаттамасын әзірлеп жатыр. Ол жыл соңына қарай, немесе келесі жылы дайын болуы мүмкін. Қазіргі уақытта Майбалық көлінен су басу қатері сақталып отыр.


Ол аз дегендей, наурыздың 3-4-і күндері Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстары аумағында жаңбыр аралас қар жауды деген "Қазгидрометтің" болжамы бар. Онсыз да жауын суымен арпалысып жатқан Алматы, Жамбыл облыстары талай тауқымет күтіп тұр. Ал жауапты шенеунік бұндай жағдайда құтқарушыларға сенім артудың орнына үйлерін сақтандырып қоюға кеңес береді.


Юрий Ильин, Ішкі істер министрінің орынбасары:


-Әркім өз мүлкін сақтандыру керек. Кез келген табиғи апаттан зардап шеккен кезде, сақтандыру компаниясынан да, мемлекет тарапынан да материалдық шығынның орнын толтыру оңай болады.


Тек Астананың әуежайы ғана емес, сонымен бірге, елімізде 41 су бөгеті сыр беріп тұр. Қазіргі уақытта соның тек 15-і ғана жөнделіп жатыр екен. Қалған 26-сы да кезек күтпей жөнделуі тиіс. Бірақ, ақша керек.


Мұрат Бейсенов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі су ресурстары комитетінің басқарма басшысы:


-Биылға бөлінген қаржы көлемі 9 миллиардқа жуық. 8 миллиард 700 мииллион нақтылап айтқанда. Республикалық бюджеттің нақтылануына қосымша 12 миллиардтай ұсыныс беріп отырмыз. Осы қаражаттар дер кезінде, уақытылы бөлініп тұрған жағдайда, 2020 жылға дейін біз барлық апатты су қоймаларын қалпына келтіреміз деген үмітіміз бар.


-Ал облыс әкімдері жуырда ғана Үкімет отырысында көктемгі тасқынға дайынбыз деп жаттанды уәдесін берген еді. Алайда, биылғы көктем олардың өтірігін тағы шығарып берді. Бірақ, шенеуніктердің қай жағдайға да жауабы дайын. Кабинетте отырып, олқылықтың алдын ала алмаған ақ жағалылар апаттың бәрін күтпеген жағдай деп табиғатқа жауып жатыр.


ktk.kz


 




Көрілген: 576    Пікірлер: 0

жұма, 02.03.2018, 11:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30