Мәселе

Елімізде асырауға алынған бүлдіршіндерді балалар үйіне кері қайтару дерегі өршіп барады

  • © ktk.kz

    © ktk.kz

Жылына мұндай жетімдердің 250-ден астамы қайта керексіз болып қалады екен. Әрі бұл үшін ата-аналарға ешқандай жауапкершілік қарастырылмаған.


Ержан Ерсайынов, ҚР Білім және ғылым министрлігінің комитет төрағасы міндетін атқарушы:


- Бала сүп-сүйкімді болса ешқандай проблема туғызбайды деп ойлайды. Бірақ, олар асырап алуға дайын емес. Баланы асырап аламын деп ниет білдірген жанұя олар үшін бір дайындық керек.


Яғни, жауаптылардың айтуынша, отбасылармен жұмысты күшейту керек. Жанұяның маңызы туралы айтып, психологиялық көмек беру қажет. Өйткені, елімізде жылына мыңға жуық ата-ана бала бағу құқынан айырылады екен. Сөйтіп, әке-шешенің қарауынсыз қалған ұл-қыздар балалар үйі мен интернаттарға жіберіліп, жетімдердің санын толтырып отыр. Сондай-ақ, бала асырап алушыларды да маңызды қадамға бармай тұрып, жан-жақты дайындау қажет.


Шолпан Байболова, «Сәби отбасында өмір сүруі тиіс» қоғамдық қозғалысының жетекшісі:


- Жетімді бауырына басқысы келетіндер үшін арнайы мектептер ашылған. Оған бару – тегін. Біз осында әрбір ата-ана оқып, отбасының қадірі жайлы көбірек білсе дейміз. Өйткені, бұл асыранды ұл-қызарды кері қайтару дерегін азайтады деген үміт бар. 


ktk.kz




Көрілген: 366    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

бейсенбі, 12.10.2017, 09:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қыркүйек, 18:08
    Ақырзаман келгенде

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31