Мәселе

Елімізде басшылардың қарамағындағы қыз-келіншекті зорлауы көбейген

  • Елімізде басшылардың қарамағындағы қыз-келіншекті зорлауы көбейген

    Елімізде басшылардың қарамағындағы қыз-келіншекті зорлауы көбейген

Елімізде бастықпын деп басынғандар қол астындағы қыз-келіншектерді жыныстық қатынасқа мәжбүрлейді, деп хабарлады КТК телеарнасы.


Телеарнаның мәліметінше, елімізде жыныстық бопсалауға барғандарды жазалайтын заң қажет. Заңның жоқтығынан қазір жұмыста зәбір көріп, қорланған қыз-келіншіктердің қатары артқан. Осыған байланысты Қазақстандағы адам құқығын қорғау жөніндегі бюро парламентке өз ұсынымдарын жолдамақ. Мұндай бұзақылыққа барғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылмағандықтан, нақты қанша адамның жапа шеккенін анықтайтын статистика да болмай тұр. Бастықпын деп басынғандардың көп жағдайда қарамағындағыларға қырындау жайты көлеңкеде қалады. Жұмыстағы өсу мен өшуін ойлаған жәбірленушілердің тіс жармауынан көбіне жабулы қазан жабулы күйінде тұр. Ал, мұндай тиісудің соңы зорлыққа ұласып, талай тағдыр талқандалуда. "Он сегізде бір гүлі ашылмаған Еленаның көңілінде ащы запыран жатыр. Былтыр жазда Өскеменде оқуына ақша табам деп сылақшы болып жұмысқа орналасып, опық жеген. Бастапқыда сөзбен қырындаған бригадирі кейін келе қарамағындағы қаршадай қызды зорлаған. Әділдік іздеп сотқа жүгінгенімен, іс жабылып қалған", - деп хабарлады телеарнаның тілшісі. Жәбірленуші Еленаның айтуынша, ол бригадирден бойын үнемі аулақ ұстауға тырысқан. "Одан үнемі бойымды аулақ ұстауға тырысатынмын. Бірақ, ақыры дегенін істеді. Арыз жазып, сотқа дейін барғаныммен ол жазаланбады. Істі жауып тастады. Бірақ, әділдікке жетпейінше тынбаймын", - деді жәбірленуші Елена Иванова. Елена сияқты тағдыр тауқыметін тартқандар, әділдікке жете алмай жатқандар көп. Алматыда жәбірленушілер мен құқық қорғаушылардың басы қосылып, өзекті мәселені талқыға салды. Мылқаудың күйін кешіп, іштей тынғандар өзін емес, өзгенің пікірін ойлап жанайқайын жасырады екен. Оның үстіне жыныстық бопсалау бойынша қорғайтын заң жоқ. Адам құқығын қорғау жөніндегі бюро АҚШ-тағыдай заң қабылданса қылмыстық жауапкершіктен қорқып, бұзақылыққа баратындар азаяр еді деген сенімде. "Жыныстық бопсалауға қылмыс ретінде жеке ұғым берілмеген. Сондықтан ол жөнінде статистика да жоқ. Ол жөнінде айтылып жатқан да жоқ. Бірақ, зорлаудың негізгі себебі жыныстық бопсалаудан басталады. Соның жауапсыз жазаланусыз қалғанынан оның соңы зорлыққа әкеледі", - деді Қазақстандағы адам құқығын қорғау жөніндегі бюро қызметкері Инга Иманбай. Телеарнаның хабарлауынша, күні кеше АҚШ-тың гимнастика құрамасының дәрігері болған Ларри Нассар 175 жылға сотталды. Оның атына 160 спортшы қыздан зорландық, қорландық деген шағым түскен. Көз жастары көл болғандардың зарын ескерген судья өмірлік бас бостандығынан айыруды жөн тапқан. Қазақстандағы еріктілер де осындай заң қабылданса, талай жанның құқығы аяқасты тапталмас еді дейді. Дереккөз: КТК.




Көрілген: 670    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сенбі, 27.01.2018, 10:14

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28