Мәселе

Елімізде бастығы жыныстық қатынасқа мәжбүрлейтін қыз-келіншектер мұңын айтты

  • © Passion.ru

    © Passion.ru

Бастығынан зорлық көріп жүрген қыз-келіншектерге араша қажет! Өйткені, қылмыстың алдын алуы тиіс заңның 123-інші бабы елімізде мүлдем жұмыс істемейді екен.


Мәселен, 20 жылдың ішінде бұл баппен бар-жоғы 25 үкім кесілген. Онда да, ешбірінде қылмыскерлер бас бостандығынан айырылмапты. Заң солқылдақ болған соң, басшысының мәжбүрлеуімен жыныстық қатынасқа түсіп, қор болғандар да көбейіп барады.


Әсіресе, мұндай жағдай мемлекеттік қызмет пен бизнес саласында жиі тіркеледі екен. Оны арнайы зерттеу көрсеткен.


Қыз-келіншектердің арын ойлаған қоғам белсенділері «жабулы қазан» күйінде қалып жатқан зорлық-зомбылықпен күресті қолға алған. Ол үшін KORGAU123 деп аталатын қоғамдық платформа құрыпты. Әрі бүгіннен бастап сексуалдық мәжбүрлеу құрбандарына арналған жедел желіні іске қосты. Ол жәбірленушілерге күні-түні тегін қызмет көрсетеді. Сол арқылы ақпарат жинап, 3 айдан соң қоғамдық платформа өкілдері билікке заңды өзгерту жайлы ұсыныс жасамақ.


Жохар Өтебеков, адвокат:


- Мемлекет қоғамды жыныстық мәжбүрлеуден қорғайтын жүйемен қамтамасыз етуі тиіс. Ал, қазір бұл қылмысты дәлелдеу қиын. Бүкіл дәлелді жәбірленушінің өзі жинауы керек. Оның бәрі қаржыға келіп тіреледі. Ақыр соңында, болған оқиға жылы жабылып қалады. Әрі зорлық құрбандары жұмыс орнынан айырылып қалмауды да ойлайды.


ktk.kz


 




Көрілген: 826    Пікірлер: 0

сейсенбі, 06.03.2018, 11:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30