Мәселе

Еліміздегі 60 мың әскери қызметкерге үй беріледі

  • © baq.kz

    © baq.kz

Еліміздегі 60 мыңнан астам әскеридің басты бас ауруына айналған баспана мәселесі шешілетін сыңайлы. Алдағы 15 жылда осынша әскери қызметкерге пәтер беру жоспарланып отыр.


Түйткілдің түйінін бүгін Мәжіліс депутаттары қарастырған заң жобасы тарқатады. Сайыпқыран сарбаздарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге қатысты құжат бірінші оқылымда талқыланды.


«Заңда 20 жыл әскери қызметін өткергеннен кейін қызметтік баспананы жекешелендіру құқығы қайта қайтару көзделген», – деп баяндады Қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Мұхтаров.


Құжат 2018 жылдың бірінші қаңтарынан бастап күшіне енеді деп жоспарланып отыр. Сөйтіп сол жылдың соңына дейін 11 мың адам қоныс тойын тойламақ. Ал қалғаны алдағы 15 жылда пәтерге ие болады деп көзделген. Жалпы бұл мақсатқа ел қазынасынан 41 млрд теңге бөлінбек.


Мұхтар Ерман, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:


– 2018 жылдың бірінші қаңтарынан бастап қай кезең ішінде әскери қызметшілер үй алып, өз пәтерлеріне кіре алады? Әлде бұған белгілі бір мерзім қажет пе?


Талғат Мұхтаров, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары:


– Бүгінде осы заңды орындау үшін қаражат келесі жылға арналған бюджетте толық қарастырылған. Сондықтан қаңтар айынан бастап біздің әскери зейнеткерлер жекешелендіру құқығының орнына пәтердің құнындағы төлемді ала бастайды. Сондай-ақ банктер де әскери қызметкерлер үшін ипотекалық несие беруге арнайы банк өнімін дайындап отыр. Ендеше әскерилерге өзіне ұнайтын пәтерді таңдап, құжаттарды рәсімдеу ғана қалады.


24.kz


 


 




Көрілген: 480    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сәрсенбі, 11.10.2017, 16:28

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
желтоқсан
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31