Емдік шөптеріміз шетел асып кете бере ме?

Емдік шөптеріміз шетел асып кете бере ме?

Досқалиевтың денсаулық сақтау министрі болып дәурені жүріп тұрған шақта жеке блогына үшбу хат келіп түсіпті. Оңтүстіктік Кенжебай Серперов деген дәрігер өзінің емдік шөптен дәрі жасап шығарғысы келетінін жеткізіпті. Аталмыш хатта «Өзім дәрігермін. Қазығұрт тауларында өсетін орысша аты каперсы, яғни киеуіл немесе сортікен атты бұталы көп жылдық дәрі шөпке қорытынды патент алып, көптеген ауруларға пайдалануға болады. Бірақ қорытынды ала алмадым. Министрлікке хат жазған едім. Жауап жоқ.

Фитохимияға қаражат сұраймын. Осы дәріні пайдалы іске асыру үшін мемлекеттен көмек сұраймын» депті. Қайта-қайта хат жаза-жаза шаршаған азаматтан ұялды ма, әлде қолдары енді тиді ме кім білсін осы жолы бұл хатқа нақты жауап жазылыпты. Онда «Денсаулық сақтау министрлігі клиникаға дейінгі зерттеулермен тікелей айналыспайды және оған арнайы қаражат бөлінбейді. Шөптен дәрілік затты жасап, медицинада қолдану оңай нәрсе емес, бұл - өте үлкен жұмыс. Шөптен дәрілік зат алу үшін зертхана жағдайында белсенді заттарды бөліп алады. Клиникаға дейінгі зерттеулер жүргізіледі. Бұл мәселе бойынша арнайы мекемелерге, «Фитохимия» ғылыми өндірістік орталығына хабарласқаныңыз жөн болар» деп жөн сілтепті. Әрине министрліктің өзі сырғытпа жауап қайтарған соң, басқа саладан бұл мәселеге бас ауыртатын жанды іздемей-ақ қою керек сияқты. Расында түбін тартсаң түгі шығатын сайын даламызда небір емдік шөптер самсап тұр. Әжетіңе жарата білсең болғаны. Тек соған жауапты сала мамандарының немқұрайдылық танытатыны өкінішті. Әйтпесе дәрілік шөптеріміздің шипасын білетін шетелдіктер қаптап емес, вагондап әкетіп жатыр. Оған дәлел... Жуырда ғана Түркістан өңірінде емдік шөпті заңсыз жинап, шетел асырмақ болғандар құрыққа ілікті. Онда да жергілікті тұрғынының жанайқайынан кейін. Әйтпесе жабулы қазан жабулы күйінде қалар ма еді. Туған топырағының әр тасына дейін жаны ашитын әлгі азамат осы өңірде өсетін мия өсімдігінің тамырын жинап өткізіп жүргендерді көптен байқап жүріпті. Өздерінің ем-домына ма десе, күн сайын, күнара қаптап, тең-теңдеп жинап алып кететіндерін байқаған соң мұның тегін еместігін сезіп қоршаған ортаны қорғау прокуратурасына хабарлаған. Түркістан орман шаруашылығына қарасты аймақта әлгі мия тамырын қолында ешқандай құжаты жоқ азаматтар жинаумен айналысқан. Оған арнайы рейд жасау барысында анықталды. Тексеру барысында мемлекеттік орман қорына жататын аумақтың 3 гектарын арнайы трактормен қазған. Жердің астын үстіне шығарған соң одан мияның тамырларын теріп жинап отырған. Ол үшін арнайы лицензиясы бар адамдар айналысуы керек. Ал олардың қолында ешқандай да құжаты болмай шықты. Бұл жерде бір емес, бірнеше адам жұмыс істеген. Қолға түскен оншақтысын тексергенде олардың қолында арнайы рұқсат беретін құжат түгілі жеке бастарын куәландыратын да құжаты болмай шыққан. «Олардың айтуынша құжаттарын Мырзабай атты кісі алған. Оларды мұнда жұмыс істетуге сол кісі жалдаған көрінеді. Күндегісін күнде келіп жинап алып отырған. Белгіленген сома бойынша жинағандарына қарай ақша төленген. Жұмысшылар олардың кімдер екенін, жөндеп танымайтындарын алға тартты. Олар тек ақшасын алып қана отыратын айтып отыр» дейді Экологиялық «Жайылма» бірлестігінің төрағасы Тасболат Сүйінбаев. Олардың бұл емдік тамырды қайда өткізетіндері, не мақсатпен жинап жүргені әзірге белгісіз. Осы маңды қорғауы тиіс түркістандық орман шаруашылығының мамандары болса түстен кейін «маңырап», рейд жүргізілмей тұрып бөтен адамдардың шөптің тамырларын жинап жүргенін байқағандарын енді айтып отыр. Заңсыздыққа жол бергендерді неге орман аумағынан түре қуып шықпағандары өздеріне ғана аян. Қолдарында сондай құзірет бола тұра мұндай қадамға бармағандарына қарағанда мұнда кішігірім сыбайластықтың иісі аңқитындай. Мұндай жағдайда істелінуі тиіс рекультивациялау, яғни топырақ құнарлылығын қалпына келтіру жұмыстарын да жасамаған. Бұл мәселе енді ғана қолға алынбақ. Ал заңсыз іспен айналысқандардың мәселесімен полиция айналысып жатыр. Көз алдындағы заңсыздықты көрмеген жауапты мекеме орман шаруашылығының басшылығына әкімшілік жаза көруге хат дайындалуда. Мамандардың айтуынша мия тамыры бүкіл ағзаны нығайтатын, қан айналымын жақсартатын қасиеттерге ие. Зат алмасуды жақсартып, ағзаны жасартатын артықшылығы тағы бар. Осындай қоластымызддағы керемет емдік шөптердің қадірін білмегеніміз ай?! Әрине олардың бекерден бекер шөп шаламды теріп шаршап жүрмегендері анық. Дәрілік шөптерді тергізіп, оны кәдеге асыратын алып зауыттар елімізде там-тұм. Олар қажет болса заңды түрде құжат бойынша әрекет етері сөзсіз. Демек мұны жинаушылар шетелге асырып, шылқа майларын шылқытпақ болған. Дер кезінде тұсау салынды. Ал құрыққа ілінбей жатқандары қаншама? Шымкенттің шыға берісінде орналасқан «Сәуле» ықшамауданындағы алып мекеменің қоймасында да есекмия атты дәрілік шөп тау-тау болып үйіліп жатыр. Оны қайдан келген, қайда апарады тексеріп жатқан жан жоқ. Сонда еліміздегі емдік шөптің бәрі де шетел аса бере ме? Ал өз кәдемізге жаратайын десек әлгі дәрігер құсап табанынан тозып жүргендер көп. Сонда шетелге асыруға кедергі жоқ та, өз елімізде дәрі жасап шығаруға алынбайтын асудай кедергі жасап қойған. Сонда не істемек керек?

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста