Мәселе

Енді балаларды емханаға онлайн режимде тіркеуге болады

  • Енді балаларды емханаға онлайн режимде тіркеуге болады

    Енді балаларды емханаға онлайн режимде тіркеуге болады

Электронды үкімет порталы мен egov.kz Telegram-ботында балаларды емханаға тіркеу қызметі іске қосылды. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Бағдарламаны әзірлеген «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мәліметінше, бұдан былай балаларды медицина ұйымына тіркеу үшін емханаға барудың қажеті жоқ. Енді балаларды емханаға бармай-ақ тіркеуге болады. Ол үшін egov.kz порталына тіркелсеңіз және электронды цифрлық қолтаңба болса жеткілікті.

Тағы бір айта кетерлігі, бұл қызмет 2007 жылға дейін туған балаларға көрсетілмейді. Қызметті пайдалану үшін алдымен порталдағы «Денсаулық сақтау» бөліміне кіреміз. «Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медицина ұйымына тіркелу» қызметін таңдап, балаға қызмет көрсету опциясын басамыз.

Содан соң жүйе баланың ЖСН енгізуді сұрайды. ЖСН бойынша баланың туыстық байланыстарын нақтылау үшін АХАТ бөлімінің ақпараттық жүйесіне автоматты түрде сауал жолдайды. Бұл көп уақыт алмайды. Процесс аяқталғаннан кейін сіз онлайн-өтінімге тұратын аймағы, медицина ұйымы, тіркеу себебі, учаскелік дәрігер деген сынды т.б. мәліметтерді толтыруға мүмкіндік аласыз.

Көрсетілген қызмет нәтижесі өтініш берушінің жеке кабинетіне жолданады. Қызметті көрсету мерзімі – бір жұмыс күнінен аспауы тиіс.

Аталған қызметті Telegram Bot арқылы алу үшін https://t.me/EgovKzBot сілтемесін пайдалануға болады. Содан соң «Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медицина ұйымына тіркеу» қызметін басып, чаттағы тиісті батырмаларды басу қажет. Қызметті бот арқылы алу үшін оған жазылу қажет. Ол үшін чаттағы «Start» батырмасын басып, ұялы телефон нөмірін пайдалануға рұқсат етесіз.

Естеріңізге сала кетсек, тіркеу науқанының алғашқы айында Алматының 16 мыңға жуық тұрғыны емхана таңдау құқығын пайдаланған. Жыл сайынғы дәстүрлі кампания 15 қарашада аяқталады.

 




Көрілген: 181    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 31.10.2018, 00:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    18 Қараша, 11:42
    Ерекше құдалық (ВИДЕО)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30