Мәселе

Енді жас жұбайлар үйлесімділігін тексеретін тесттен өту міндеттелуі мүмкін

  • Енді жас жұбайлар үйлесімділігін тексеретін тесттен өту міндеттелуі мүмкін

    Енді жас жұбайлар үйлесімділігін тексеретін тесттен өту міндеттелуі мүмкін

Сарапшылар болашақ жұбайлардың үйлесімділігін тексеретін арнайы тесттен өтуін міндеттеуді ұсынды. Мамандар жастарды тест қорытындысын алмай АХАЖ-ға кіргізбеу керектігін айтты. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

Мамандардың айтуынша, осылай істесе ғана ажырасу саны азаяды. Бұл әлемдік тәжірибемен сыналған, дейді олар.


«Үндістанда, Қытайда АХАЖ-ға барсаңыз міндетті түрде астролог отырады. Астрологтар болашақ жұбайларға диаграмма жасайды, егер жұлдыздары сәйкес келмесе, олардың өтініштері қаралмайды. Бұл елдерде бұрыннан бар», -дейді астропсихолог Махаббат Кайдарова.


2017 жылды некелескеннен кейін 6 айдан соң ажырасқан қазақстандықтардың саны 729-ға жеткен. Психолотардың айтуынша, ажырасудың көбіне себеп: соқыр махаббат.


«Жастарды сертификатсыз қосуға болмайды. Олар үйленгенге дейін басқа болып, некелескеннен кейін өзгеріп кетуі мүмкін. Осыдан кейін отбасында ұрыс-керіс, сосын ажырасу болады. Одан балалар зардап шегедіі», -дейді астропсихолог.


Алматыдағы отбасыларға арналған мектепте жастарға кеңес береді. Онда қиын жағдайға тап болған отбасының шаңырағын сақтап қалуларына көмектеседі.


«Ондай тест қандай сәйкестікті анықтаса да, өмірде басқаша болуы мүмкін.Тест қорытындысы теріс нәтиже берсе де артынан жақсы тұрып кететіндер де болады», -дейді отбасы мектебінің кураторы Майра Матаева.


Карина Ким есімді алматылық қыз жігіті Дмитримен 6 жыл бұрын танысқан. Олар алғашында дос болы жүріп, кейіннен бір-бірін сүйетіндерін түсінген. Бірақ, олар әзірге тесттен өтуге дайын еместігін айтты.


«Мұндай жолмен демографиялық мәселені шеше алмаймыз. Меніңше, сезім, неке, отбасы деген сияқтыларды тек екі адам ғана шешу керек. Басқа ешкім араласа алмайды», – дейді Карина Ким.


Облыста отбасыдағы қарым-қатынасты дұрыстауға көмектесетін мамандар көп. Қандай мықты маман болса да тест арқылы ғашықтарға үйлесімді болуды үйрете алмайды. Себебі, бақытты отбасылық өмірдің формуласы жоқ. 




Көрілген: 542    Пікірлер: 0

жұма, 02.02.2018, 10:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31