Мәселе

Ер адамның аяқ іздері қалған: Сайрагүлдің үйіне ұры түсті

  • Ер адамның аяқ іздері қалған: Сайрагүлдің үйіне ұры түсті

    Ер адамның аяқ іздері қалған: Сайрагүлдің үйіне ұры түсті

Белгілі тележурналист Сәуле Әбілдаханқызы жақында ғана істі болған этникалық қазақ Сайрагүл Сауытбайдың қауіпсіздігіне алаңдайтынын бұған дейін де айтқан болатын. Үрейленгендеріндей-ақ бар екен, Сайрагүлдің үйіне ұры түскен. Бұл туралы журналист өзінің желідегі парақшасында жариялады.


Сайрагүлдің үйіне ұры түсті. Еркек аяқ киімінің ізі қалған. Әлде терезеден кірген адамның мақсаты басқа болды ма? Өйткені үйден ешнәрсе жоғалмаған.


Бұл ақпаратты үш күннен бері жарияламай тұра тұрайық, әліптің артын бағайық дегенбіз. Адвокат Абзал Құспан дереу құзырлы органдарға да хабарласып, Сайрагүлдің және оның отбасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы өтініш жолдаған. Әзірге жауап жоқ.


Сайрагүлдер жергілікті полицияны шақырған. Бірақ олар Сайрагүлдің кім екенін де білмейді, оның жағдайынан да бейхабар екен! Бүкіл қоғам болып қызу талқылаған, халықаралық сипат алған істен сол ауылдың полицайы хабарсыз! Негізгі кейіпкерді де білмейді! Кәсіби сауатсыздық деген осы...

Терезеден кім түскенін көршілер көрген. Полиция кезекті «іздейміз, табамызды» айтып кете барған. Неғылған бейқам мемлекет болдық. Бәріне бәрібір.


Сайрагүл - көптің бірі емес, оған «қызығушылардың» саны көп. Оның өміріне Қазақстан мемлекеті жауап бермесе, басқа кім жауапты? Мен бе? Адвокат Абзал Құспан ба? Мен 3-4 күн «қарауылдадым». Енді қашанғы олар «қашып» жүруі керек?», - деп жазды журналист өзінің Facebook-парақшасына.


Еске сала кетейік, Сайрагүл Сауытбайдың үстінен Қорғас кеден бекетін заңсыз кесіп өткені үшін қылмыстық іс қозғалған болатын. Жаркенттегі Панфилов соты оны 6 айға шартты түрде бас бостандығынан айырды. 




Көрілген: 501    Пікірлер: 0

жұма, 10.08.2018, 10:55

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31