Мәселе

«Еркек пен әйел бірге жуынады…». Қаскелеңдегі аурухана елдің үрейін ұшырды (+18)

  • © kaz.365info.kz

    © kaz.365info.kz

Алматы облысының тұрғыны Қаскелеңдегі жұқпалы аурулар ауруханасының жай-күйінің адамшошырлық жағдайда екенін мәлімдеді. Ядигора Кечиджидің сөзінше, клиниканың ахуалы адам айтқысыз жағдайда.




Ол ауруханаға фарингитке шалдықты деген күдікпен жатқызылған.


«Медицина қызметкерлеріне шағымым жоқ. Бірақ аурухананың өзі қандай күйде десеңізші! Біріншіден, бірдеңе жұқтырып аламын ба деп қорықтым.


Ондағы ер мен әйелдер әжетханасы мен жуынатын орны 15 палатаға біреу ғана.


Ешқандай сабын жоқ. Тек раковина мен суық су болды. Палатадан өзің шығып кварц қосуың керек. Кейін білдім оны. Мен жатқан палата бір тәулік бойы зарарсыздандырылмады, ал хлордың иісі де шықпайды», — дейді Ядигора Кечиджи.



Сөзіне дәлел ретінде ол аурухананың ішін суретке түсірген.


«Соңғы рет қашан жөнделген? Мұндай жағдайда қалай жұмыс істейсіздер?» деп сұрадым.


Медбикелердің бірі: «Биыл жасалуы керек» деді. Болды», — дейді емделуші.



Әйелдің ойынша, аурухана тап-тұйнақтай болуы керек. Бұл әсіресе инфекциялық ауруханаға қатысты.


«Тым болмағанда еденді жасап, қабырғаларды бояп қойса. Әжетхананы да тазалау керек. Негізі әр палатада қол жуа алатындай раковина болған жөн. Бүкіл ауруханаға біреу емес. Ауруханаға түскен адамдар ол жерде басқа бірдеңе жұқтырып алуға қорықпау үшін», — дейді ол.



Ал аурухана өкілдері бөлімдердің бірі шынымен нашар екенін атап өтті. Дегенмен бұл дәліздер мен палаталардағы тазалыққа еш әсер етпейді екен.



«Бұл бөлім 1935 жылы салынған. Қамыс-қаңқалы, саманмен салынған. Жасырмаймын. Иә, әжетханалар сондай. Бұл көне ғимарат. Әзірге қаржы жоқ.


Биыл едендер жаслады. Соңғы рет 1998 жылы жөндеу көрген болу керек. Қыркүйек соңы мен қазанның басына дейін жөндеуге тырысамыз», — дейді «Қаскелең жұқпалы аурулар ауруханасы» ММ бас дәрігері Жәнібек Ботаев. 




Көрілген: 840    Пікірлер: 0

сейсенбі, 05.06.2018, 13:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31