Мәселе

Ғалым: қазақ тіліндегі төл дыбыстардың басы әлі күнге дейін ашылған жоқ

  • © Sputnik

    © Sputnik

Қазақ тілінің төл дыбыстарының басы осы уақытқа дейін әлі ашылған жоқ, деп есептейді ғалым, филология ғылымының докторы, профессор Әлімхан Жүнісбек.


"Латын әліпбиіне көшу деген мәселені қарапайым бір таңбаны екіншіге ауыстыру деп түсінбеу керек. Латын әліпбиіне көшу дегенді қазақ жазуына іргелі, күрделі жан-жақты реформа жасау деп қарастыру қажет. Өйткені, кез келген ел, кез келген мемлекет мезгіл-мезгіл өз жазуын пысықтап, жетілдіріп отырады. Жетпей жатқанын толықтырып, артығын алып тастайды. Қосымша таңбаларды пайдаланады. Сондықтан қазіргі кезде көпшіліктің түсінігі кириллица таңбасын латын таңбасына ауыстыру деп түсінеді", — дейді Әлімхан Жүнісбек орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.


Реформа дегеніміз не? Біріншіден, ғалымның айтуынша, өзіміздің тіліміздегі төл дыбыстардың басын ашып алуымыз керек.


"Осы уақытқа дейін төл дыбыстарымыздың басы ашылған жоқ па деп ойлап қалуларыңыз мүмкін. Ашылған жоқ. Кез келген қазақтан "қазақ тілінде қанша дыбыс бар?" деп сұрасаңыз, 42 дейді. Әрине, оған ешкім кінәлі емес. Өйткені, мектептен бастап жоғары оқу орнына дейін күнде 42 таңба деп үйретіп жатса, олардың басқаша ойлауы, айтуы, жауап беруі мүмкін емес. Шындығында қазақ тілінде бар болғаны 28 дыбыс бар. Біз осы 28 дыбысқа латын әліпбиінің таңбаларын баптап, қабылдап алуымыз керек деген мақсат алдымызда барлық уақытта тұрды. Оның ар жағында әліпби қазақ тілінің үндестік әуезін бұзбауы керек. Біздің тіліміздің үндестікті екенін жақсы білесіздер", — дейді тіл маманы. 


"Екінші, оның морфем құрамын, буын құрамын бұзбау керек. Тіптен, керек десеңіздер сөйлеу ырғағына да зияны тимеу керек. Қарап отырсаңыздар, әліпби тілдің дыбыстан сөйлем деңгейіне дейінгі барлық деңгейді қамтиды екен. Бір ескере кететін нәрсе, басы бүтін, толық біткен, еш кемшілігі жоқ әліпби еш жерде болмайды. Ешбір тілде ондай жоқ. Кез келген әліпбидің арнайы ережемен, түсініктемемен жетілдіріліп отыратын бір тұстары болады. Екіншіден, мәселе әліпбидің оңайы болмайды, бәрі қиын. Үшінші айтатын мәселе, әліпбиді алдымызға қағаз бетіне салып көрсеткен уақытта әдемі, жеңіл, оңай секілді көрінеді. Әліпбидің қиыншылығы ертең мәтінге барған уақытта, мамандарды дайындағанда, оқу құралдарын жазғанда, оқулық жазғанда, таныстарғанда белгілі болады", — деді профессор.


Айта кетсек, жұмыс тобы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа латын графикасындағы қазақ әліпбиінің жаңа жобасын ұсынған болатын. Бұл әліпбиде 32 әріп бар, 9 әріп апострофпен жазылған.


Sputnik




 




Көрілген: 459    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

бейсенбі, 12.10.2017, 17:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31