Мәселе

Гүлжан Ерғалиева Алматыны жабық қала қылуды ұсынды

  • © Sputnik / Анатолий Устиненко

    © Sputnik / Анатолий Устиненко

Өткен аптада танымал спортшының қаланың қақ ортасында ұрылар қолынан қаза табуы қоғамның бетпердесін ашып берді. Жастардың жеңіл жолды таңдап, қылмыс жасауының себебін әркім өзінше түсіндіріп әлек.


Бірі, жұмыссыздықты алға тартса, екіншісі тал бесіктен берілетін тәрбиенің сұйылып кеткендігі деп отыр. Осы мәселе төңірегінде қазақтың біртуар ақыны Хамит Ерғалиевтың қызы Гүлжан Ерғалиева Алматыны шеттен келгендер үшін жабық қала қылып, ешкімді кіргізбеуді ұсынған еді.


"Алматы қаласын кең ауқымды – тұрғын-үй, санитарлық, экологиялық, көліктік, инфра¬құры¬лымдық түгендеуден өткізуді талап етемін. Халық¬ты қатаң санаққа алу қажет. Тұрақты жұмысы мен мекенжайы жоқ, сенделіп жүргендердің барлығын тұрғылықты жеріне қайтару қажет. Қайтарылған адамды жұмысқа орналастыруды жергілікті облыс әкімдіктері өз мойнына алсын. Әйтпесе, жақсы орнығып алып, өз тұрғындарын Алматы мен Аста-наға тықпалай береді. Қазынадан қаржы алып отыр екен, адамдарды тұрғын үймен, жұмыспен қамтамасыз етсін! Ел бойынша бақылаусыз көшіп-қонуды тоқтату қажет", – деді ол.


"Бұл – таза ақымақтық"


Қоғам қайраткері, саясаттанушы Айдос Сарымның айтуынша, Алматы мен Астана басқа қаладан келіп жатқан мигранттардың арқасында рух алып, қан жаңартып, мүмкіндігін арттырып отыр.


"Бұл – таза ақымақтық. Гүлжан Хамитқызы қалада туғанымен әкесі де ауылдан қалаға келген азамат. Егер арманы кеңес заманындағыдай Алматыны жабық қала қылып, әрбір келген қазақ біреудің үйінде әрең тіркеуге тұрып өмір сүрсін дейтін болса, онда ол өзінің тарихынан да, отбасының тарихынан да, елдің тарихынан да ештеңені ұқпаған", – дейді Айдос Сарым.


Алматы мен Астана мүмкіндіктер қаласы екені белгілі. Саясаттанушының айтуынша, келушілердің өзі екіге бөлінеді.


"Мүмкіндіктер қаласы болғандықтан біреу үмітін арқалап, арман іздеп, жақсы өмір сүремін десе, ал біреулер қылмыс жасауға келеді. Мәселе, осы екеуін ажырату. Яғни, Алматыда жасалатын қылмыстың көбін алматылықтар емес, сырттан келгендер жасайды. Оның ішінде кавказ, шешен, өзбек пен қырғыз да бар. Еліміздің басқа қалаларынан да арнайы қылмыс жасаймын деп келетіндер де аз емес. Олармен бөлек жұмыс жасау керек", – деп түйіндеді сөзін Сарым.


"Кең байтақ қазақтың даласы – қазақ баласының үйі"


Қоғам белсендісі Мұхтар Тайжанның айтуынша, бұл ұсынысты жасап жатқандарды заң бойынша ксенофобия үшін жауапқа тарту керек.


"Алматыны, Астананы, кез келген басқа қаланы жабық қылу ксенофобияға, сегрегацияға жатады. Сондықтан мен оған 100 пайыз қарсымын. Әр Қазақстанның азаматы кез келген қалада тұруға құқылы. Кеңес одағының кезінде сырттан келгендер тіркеуге тұруы керек болатын. Қазақтарды үлкен қалаларға жібермейтін. Біз ондай болмауымыз керек. Кең байтақ қазақтың даласы – қазақ баласының үйі", – деді Тайжан.


Желі қолданушыларының арасында президенттің де ауылдан шыққанын, қазақтың бар ақыны мен жазушысы, ғалымы да ауыл топырағында туып, үлкен қалаға келіп жетістікке жеткенін жазып жатыр.


sputnik


 




Көрілген: 343    Пікірлер: 0

бейсенбі, 26.07.2018, 18:00

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Желтоқсан, 14:05
    Бұл не масқара! (видео)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31