Мәселе

Гүлшара Әбдіқалықова ауыл әйелдерінің І форумына қатысты

  • Гүлшара Әбдіқалықова ауыл әйелдерінің І форумына қатысты

    Гүлшара Әбдіқалықова ауыл әйелдерінің І форумына қатысты

 Мемлекеттік хатшы, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымы Гүлшара Әбдіқалықова «Әйелдердің ауылдық аймақтарды орнықты дамытуға қосқан үлесі» атты Қазақстанның ауыл әйелдерінің І форумына қатысты деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.


Жиынға Парламент депутаттары, Еуропа қайта құру және даму банкінің вице-президенті Э.Нэльсон, Еуропа Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы Астанадағы бағдарламалар кеңсесі басшысының орынбасары Д.Дигол, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшелері, мемлекеттік органдар, халықаралық ұйымдар, азаматтық қоғам өкілдері қатысты.


Гүлшара Әбдіқалықова құттықтау сөзінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ауыл – алтын бесік, ауылдың амандығы – елдің амандығы» деген сөзіне тоқталды.


«Ауыл – халқымыздың бірлігі мен бірегейлігінің, тарихы мен мәдениетінің, ел дамуының қайнар көзі. Яғни, ауылды өркендету мемлекетімізді дамытудың маңызды шарттарының бірі болып саналады», – деді Мемлекеттік хатшы.


Г.Әбдіқалықова Қазақстанда 4 миллионға жуық әйелдің ауылда тұратынын атап өтті. Олар бүгінде мемлекеттік басқару органдарында кеңінен өкілеттік етуде.


Аудандық мәслихат депутаттарының 512-сі әйел, 5-еуі – аудан әкімі, 348-і – ауылдық округтер мен кент әкімдері. Олар 60 мыңдай ауыл тұрғынын жұмыспен қамтитын 40 мыңнан астам шаруа қожалықтарын және фермаларды басқарады.


Өткен жыл қорытындысы бойынша жалпы құны 1,2 триллион теңгенің азық-түлігі өндірілді.


Бүгінде 1,5 мың әйел Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша өз бизнесін табысты дамытуда.


Бағдарлама аясында 6 210 әйел бизнесті бастаудың қыр-сырын оқып-үйренді, жалпы құны 735 миллион теңге болатын 174 несие берілді.


Сондай-ақ, форум аясында Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Еуропа қайта құру және даму банкінің вице-президенті Элизабет Нэльсонмен кездесті.


kaz.365info.kz




Көрілген: 283    Пікірлер: 0

бейсенбі, 08.11.2018, 21:39

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    18 Қараша, 11:42
    Ерекше құдалық (ВИДЕО)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30