Халал балабақша деген қажет пе?

Халал балабақша деген қажет пе?

Жуырда белгілі ақын Қалқаман Сарин жүргізетін «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жанындағы «Атамекен» пікірталас клубында «Қазақстандағы халал-индустрияның жай-күйі» деген тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Аталған жиында белгілі дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлы халал мәселесін әр жерге бір тықпалай берудің қажеті жоқ деген пікір айтты.

Шынында да соңғы кездері халал балабақша, халал су, халал қонақ үй, халал сауна, халал машина жөндеу орталықтары көбейіп кетті. Реті келсін, келмесін халалды әр жерге тықпалай берудің қаншалықты қажеті бар? Соңғы кездері ел азаматтары дәл осы сұраққа бас қатырып жүр. Алайда көпшіліктің бұл уәжімен «Қазақстанның халал индустриясы» қауымдастығының төрағасы Марат Сәрсенбаев келіспейді. Оның айтуынша, жейтін азық-түлігімізден бастап қызмет көрсету саласына дейін халал стандартқа көшу керек.
– Жуырда бір үлкен басшының аузына «халал балабақша деген болмайды» деген сөзді салып қойыпты. Кешіріңіздер халал балабақша діни орда емес, ол жердің ең біріншіден тамағы адал болады. Сондай-ақ балабақшада жұмыс жасайтындар өзіміздің қаракөз қазақтар болып саналады. Елімізде халал балабақша ретінде сертификат алған бір ақ балабақша бар. Оның директоры білім беру саласының үздігі. Бұдан бөлек, ол кезінде білім беру бөлімінің басшысы болып жұмыс жасаған. Ал балабақшаның дәрігері денсаулық сақтау саласының үздігі. Өздері білікті, білімді азаматтар. Олар ең бастысы — балаларға тамақтың адалын беріп жатыр ,– дейді Марат Сәрсенбаев,

Әйтсе де Марат Сәрсенбаевтың халал балабақша дегенімен белгілі дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлы келіспей отыр. Оның айтуынша барлық нәрсені халал деп айта беретін болсақ, халалдың қадірін кетіріп аламыз.
– Марат ағамыз халал саласының отымен кіріп, күлімен шығып жүрген азамат қой. Бірақ балабақшаның тамағына қарап оны халал деп атау артық болса керек. Егер бұлай айтатын болса, халал мектеп, керек болатын болса, халал қарттар үйі деп атауымыз керек болады. Құран кәрімде тамаққа қатысты халал деп жазылған. Сондай-ақ адамдардың жүріс тұрысы, айталық некенің адал болуы сияқты мәселенің халал болғаны абзал. Мысалы суды халал деп жатырмыз. Мен «неге халал су деп айтасыңдар» десем, «біз арнайы құрылғыдан суды тексерістен өткіземіз» деп жауап береді. Ал енді тексерістен өтпеген су Құран бойынша харам ба? Харам емес қой. Онда сіз оны халал деп емес, денсаулыққа пайдалы су деп айтыңыз, – дейді Қайрат Жолдыбайұлы.

Әрине ислам мемлекеті болғандықтан адал ас ішіп, адал қызмет көрсету саласын пайдаланғанымыз абзал. Алайда соңғы кездері бүйректен сирақ шығарып не болса соған халал деп айту сәнге айналды.

Ұзын сөздің қысқасы, дінтанушы айтқандай, халалдың қадірін кетіріп алдық.
Алайда оны Марат Сәрсенбаев мырза түсініп, ақылға келер емес.

Серғазы Асланбек 

kaz.365info.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста