Мәселе

Халал сөзі кәсіптің көзі ме?

  • Халал сөзі кәсіптің көзі ме?

    Халал сөзі кәсіптің көзі ме?

 Сарапшылардың айтуынша, Қазақстан өз ішінде «халал» ісін ретке келтіріп алмай, бұл саладағы брендтерін шетелде ілгерілетуі орынсыз. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті «Халал индустрия­сының даму үрдістері» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараға отандық, сондай-ақ Ұлыбри­таниядан, Сингапурдан келген сарапшылар, ғалымдар, халал стандартын енгізуге жауапты тұлғалар, сонымен қатар сүт, ет, тамақ өнім­дерінің өнді­ру­шілері қатысып, салада қалып­тасқан ахуалды талқыға салды. Бұдан бөлек, олар халал ин­дус­триясын дамытудағы шетелдік тәжірибиені зерделеді, соның ішінде халықаралық деңгейде аккре­диттеу және сәйкестікті бағалау мәселелері бойынша пікір алмасты.


Жиында GHP гигиеналық тәжірибенің және GMP өндірістік тәжірибенің қатаң стандарт­тарының нақты талаптарынан тұ­ратын халал өнімдердің шет­елдік стандарттары ұсынылды. Департамент басшысының орынбасары Қанат Керімқұлов Қазақстанда халал индус­трия­сының дамып келе жатқанын атап өтті және халал өнімдер үшін 2019 жылы әзірленетін стан­дарттарға тоқталды. Жалпы, халалға қатысты мә­селелер өзге де жиындарда, әр­түрлі деңгейде көтеріліп жүр. Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы халал сөзінің қадірін кетірмеуге де шақырған болатын. «Халал сөзін жамылып, кәсібін дөң­гелетіп жүрген жан­дарды шариғат талабына сай жұмыс істеуге шақырамыз. Халал сөзі – кәсіптің көзі емес. Бұған асқан жауапкер­шілікпен қарауы­мыз қажет» деген еді бас мүфти болып тұрған кезде Ержан қажы Малғажыұлы. Шынында, «халал» сөзін кө­рінген жерге телу әдетке айналды. Тіпті ауызсуды да халал атымен сататынды шығарды. Бұл ретте Қа­зақ­станның мүфтияты жа­нындағы «Халал даму» ЖШС-ы 2018 жылы 148 кәсіпорынға тиісті сертификаттар беріпті. Бұл ЖШС-дан «халал» атағын тарата­тын өзге де ұйымдар бар. Қазақстан мұсылмандары діни басқар­ма­сының Халал өнімдерін стандарттау бөлімінің басшысы, «Халал даму» ЖШС директоры Бейбіт қажы Мырза­гелдиевтің мәліметінше, тұтастай алғанда, қазіргі кезде елімізде 351 кәсіпорын халал сертифи­кат­тарына ие. Тарата айтсақ, 66 дәмхана, 58 ет өнімдері, 30 шұжық өнімдері, 25 тамақ өндірісі, 4 құс фабрикасы және басқа да кәсіпорындар асы­ның адалдығын дәлелдей алған. – Күні бүгінге дейін 1 002 азық-түлік түрі арнайы зертханада тестілеуден өткізілді. Қызмет көрсету деңгейімізді халықаралық деңгейге дейін жоғарылату үшін Литва және Беларусь елдерінің халал стандарттау ұйым­дарымен екіжақты меморандум бекіттік. 2018 жылғы ең басты жетістігімізге тоқтала кетсем, «Халал даму» ЖШС малайзиялық JAKIM ұйы­мының тізіміне кіріп отыр. Бұл де­геніміз – жұмысымыз ха­лықаралық стандарт­тарға сәй­кес келеді дегенді білдіреді, – дейді Бейбіт Мырзагелдиев. «Атамекен» ҰКП басқармасы төрағасының орынбасары Қуа­ныш Бишімовтің айтуынша, бү­гінде бірқатар отандық кәсіп­орындар өнім­дерін жаһандық нарыққа, соның ішінде Еуропа нарығына экспорттап жатыр. Осыған орай, оларды шетелде насихаттау және отандық өнім­дерінің таны­малдығын арттыру үшін Halal Kazakhstan, Qazaq Organic Food, KazMai и KazMeat қолшатырлық брендтері ілгерілетілмек. Бірақ оның байламынша, халал және органикалық өнім­дерді стандарттаумен айналыса­тын мекемелер ортақ ұлттық стан­дарт әзірлеп алулары қажет. Ал Бейбіт Мырзагелдиев ұлттық стандарт жасау, Halal Kazakhstan брендін қалыптастыру оңай дүние емесін айтады. Бұл үшін ең алдымен еліміздегі 10-нан аса халал сертификат берумен айна­лысатын мекемелердің жұмысын реттеу керек. Әйтпесе, Денсаулық сақтау министрлігі жүргізген зерттеу қорытындылары көрсет­кендей, еліміз­дегі сертификаттаумен ай­на­лысатын кейбір мекемелер «халал» деп таныған өнімдерден шошқа ДНК-сы табылған. Осын­дай қателік­терді болдырмас үшін ҚМДБ-ның «Халал даму» ЖШС зертханалармен тығыз байла­ныста жұмыс жасап жатыр. Қалай болғанда да, шетелге Halal Kazakhstan таңбасымен өнім экспорттауды өрістетпес бұрын, еліміздегі халал жүйесін реттеу маңызды. Олай болмаған жағдайда, «халал» өнімдерінен тыйым салынған заттар табылып,


Қазақстанның абыройы аймандай болуы мүмкін. Қазіргі кезде халал стандарт­тау – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының негізгі жұ­мыс бағыттарының бірі сана­лады. Осы мақсатта 2014 жылдың 8 қазанында оның жанынан «Халал өнімдерін стандарттау» бөлімі ашылды. 2016 жылдың 22 ақпанында отандық және шетелдік компаниялардың халал өнім­де­рін стандарттау және сертификаттаумен айна­лысатын «Халал даму» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылған. Оның құра­мында шариғат заңының білікті мамандары, ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің ғалымдары, сарап­шылар, технологтар, серти­фикатталған кәсіпорындарды жүйелі түрде қадағалайтын ба­қылаушы-инспекторлар, арнайы білім алған өңірлік сарапшы-имамдар, емтихан тапсырып, сертификат, куәлік және жеке бас мөрін иеленген 213 қасапшы қызмет етеді. Негізі, ҚМДБ жанындағы «Халал дамуда» сертификаттаудан өткен кәсіпорындардың жұмы­сын ай сайын 50 қызметкер қа­дағалайды екен. Сондай-ақ «халал» белгісіне қазір күмәндана қарайтын қазақстандықтардың сенімін қайтару мақсатында ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы Ораз бұл істі қатаң бақылауға алды. Ерік ЕРДЕНОВ


aikyn.kz




Көрілген: 233    Пікірлер: 0

жұма, 11.01.2019, 10:50

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Қаңтар, 11:02
    Мені өлтірмеші, мама!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31