Мәселе

Халыққа сапалы медициналық қызмет ұсыну басты парыз!

  • Халыққа сапалы медициналық қызмет ұсыну басты парыз!

    Халыққа сапалы медициналық қызмет ұсыну басты парыз!

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ-ның Алматы қалалық филиалы жыл басынан бері халыққа тегін қызмет көрсеткен медицина ұйымдарына 48,5 млрд теңгеден астам қаржы төледі. Бұл қала бойынша мемлекеттік тапсырыс негізінде қызмет көрсететін медицина мекемелерімен бекітілген келісімшарттардың 56 пайызы. Бұл туралы МСҚ Алматы филиалы директоры Тілеухан Әбілдаев мәлімдеді.

Айтуынша, филиалмен келісімшарт бекіткен медицина ұйымдарының дерегіне сүйенсек, аймақтағы емханалар мен ауруханалар биылғы жылдың қаңтар, ақпан, наурыз және сәуір, мамыр айларында көрсетілген қызмет ақысын толық алды. Қазір маусым айы үшін ақы төлеу басталып жатыр.

Филиал басшысының айтуына қарағанда, 2018 жылы Алматы қаласында мемлекеттік тапсырыс негізінде халыққа тегін қызмет көрсетуге ниет білдірген 170 медицина мекемесімен келісімшарт бекітілген. Оның 82-сі – жеке меншік. Келісімшарттар алғашқы медициналық-санитарлық көмек, жедел жәрдем және басқа да басым бағыттар бойынша бекітілген. Жалпы, 2018 жылы Алматы қаласы бойынша емдеу мекемелерінен тегін медициналық көмек шеңберінде 86,6 млрд теңгенің қызметін сатып алу жоспарланып отыр, деді Т.Әбілдаев.

«Жұмыс кесте бойынша жүріп жатыр және ол халыққа көрсетілген медициналық көмек сапасын бақылаудың жаңа талаптарына сәйкес жүргізіледі. Бөлінген қаражат емдеу мекемелерінің операциялық шығындарын жабуға, атап айтқанда, медицина қызметкерлеріне жалақы төлеуге жеткілікті», - деп атап өтті ол.

Маманның сөзіне сүйенсек, филиал сарапшылары халыққа көрсетіліп жатқан қызмет сапасын қамтамасыз ету және пациенттер құқығын қорғау мақсатында тұрақты түрде мониторинг жүргізіп отырады. Сонымен қатар, ол халықтың ерекше сұранысына ие болып отырған медициналық қызмет түрлерін анықтауға да мүмкіндік береді.


 




Көрілген: 451    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 18.07.2018, 01:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Желтоқсан, 14:05
    Бұл не масқара! (видео)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31