Мәселе

Халыққа тегін қызмет көрсеткен медицина ұйымдарына 599,3 млрд теңге төленді

  • Халыққа тегін қызмет көрсеткен медицина ұйымдарына 599,3 млрд теңге төленді

    Халыққа тегін қызмет көрсеткен медицина ұйымдарына 599,3 млрд теңге төленді

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ 2018 жыл басынан бері халыққа тегін қызмет көрсеткен медицина ұйымдарына 599,3 млрд теңге төледі.

«7 қарашадағы мәлімет бойынша, Қормен келісімшарт бекіткен жеткізуші компанияларға 599,3 млрд теңге төленді. Бұл жалпы кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті (ТМККК) шеңберінде бекітілген келісімшарт сомасының 76 пайызы», - деді МСҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы Ботагөз Жақселекова.


Естеріңізге сала кетсек, МСҚ ТМККК және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеттерінің қаржылық операторы болып табылады. Қор емдеу мекемелерімен мемлекеттік тапсырыс бойынша халыққа тегін көмек көрсету жөнінде келісімшарттар бекіткен болатын. Бекітілген келісімшарттардың жалпы сомасы 785,8 млрд теңге.


«Жұмыс кестеге сай жүріп жатыр. Бөлінген қаражат медицина мекемелерінің операциялық шығындарын өтеуге жеткілікті», - деді Б.Жақселекова.


Естеріңізге сала кетсек, Қор мемлекеттік тапсырыс бойынша 1374 медицина ұйымымен келісімшарт бекіткен. Оның 638-і – жеке меншік. Биыл жеке клиникалар саны 2017 жылмен салыстырғанда 177-ге артқан. Ал, олармен бекітілген келісімшарт сомасы 2 есе өсіп, 125,1 млрд теңгені құрады.


 




Көрілген: 170    Пікірлер: 0

жұма, 09.11.2018, 11:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    18 Қараша, 11:42
    Ерекше құдалық (ВИДЕО)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30