Мәселе

Халықты емханаға тіркеуде тәртіп бұзған емханалар бар

  • Халықты емханаға тіркеуде тәртіп бұзған емханалар бар

    Халықты емханаға тіркеуде тәртіп бұзған емханалар бар

2017 жылы алғаш рет дәстүрлі тіркеу науқанын Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры өткізген болатын. Емдеу мекемелерімен тікелей жұмыс істеу барысында қор тіркеу тәртібін белден басқан алақол жеткізушілерді анықтады. Бұл туралы "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ басқарма төрағасы Елена Бахмутова мәлімдеді. Айтуынша, мұндай оқиғалар аса көп емес.


"Жыл басынан бері бізге кейбір емдеу мекемелерінің азаматтар атынан тіркеу жөнінде жалған өтініштер жазып, оларды өздеріне тіркегені туралы, сондай-ақ, тіркеуден ешбір негізсіз бас тарту фактілері туралы шағымдар түсті. Қазір біздің мамандар осындай шағымдар негізінде жан-жақты жұмыс істеп жатыр" - дейді басқарма төрағасы.

Осыны ескере отырып, МСҚ алдағы уақытта мәселені түбегейлі шешу жолдарын қарастырып жатыр. "Мәселені кешенді түрде шешу үшін азаматтардың құжаттарын қабылдау тәртібін өзгертіп, процесті емханалардың тіркеу бөлімі қызметкерлерінің қатысуынсыз ұйымдастыру керек. Сондықтан біз қазір аталған қызметті ХҚКО арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер реестріне енгізу туралы ұсыныс дайындап жатырмыз", - деп қорытты Е. Бахмутова.


Сонымен қатар, жақын уақытта емханаға тіркеу ережесіне де толықтырулар енгізу көзделіп отыр. Онда алақол медицина ұйымдарымен өзара қарым-қатынас және тіркелген пациенттердің құқықтарын қорғау тәртібі жан-жақты жазылады.


Қор мәліметінше, жаңа қызметтерді іске қосуға біраз уақыт қажет. Сондықтан Қор осы бағытта жұмыс басталған кезде қосымша хабарлайтын болады. Оған дейін азаматтарды емханаға тіркеу тәртібі бұрынғыша: egov.kz порталы немесе емханалардың тіркеу бөлімі арқылы жүргізіле бермек.




 




Көрілген: 460    Пікірлер: 0

жұма, 16.02.2018, 09:57

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Желтоқсан, 14:05
    Бұл не масқара! (видео)
    18 Қараша, 11:42
    Ерекше құдалық (ВИДЕО)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31