Мәселе

Иранда хиджабтан бас тартып жатса, Қазақстанда орамал үшін соттасуда

  • Иранда хиджабтан бас тартып жатса, Қазақстанда орамал үшін соттасуда

    Иранда хиджабтан бас тартып жатса, Қазақстанда орамал үшін соттасуда

Меруерт ХУСАИНОВА



Мусылмандық Иран мен зайырлы Қазақстанның айырмашылығы


Ирандық әйелдердің оранып жүруге қарсылық танытуы мен біздің елдегі хиджаб мәселесіне байланысты белгілі дінтанушы Мұртаза ЖҮНІСҰЛЫ былай деп пікір білдірді.



«Ирандағы мәселені еркіндік мәселесі дер едім. Өйткені сол шариғат елінің заңы бойынша, барлық әйелдер шаштарын, бастарын, денелерін жауып, жамылғы оранып жүруге мәжбүр, бұл заңның талабы. Заң талабын орындамаған әйелдерге шариғат сақшысы жаза қолданады, басын ашқан, шашын ашқан әйел тек күнәһар емес, сонымен қатар қылмыскер болып саналады бұл елде.


Ал Қазақстан зайырлы мемлекет. Хиджабты мәжбүрлеп кигізу біздің заңдарымызға қайшы келеді. Ал ондай оқиғалар болып жатса, ондайларды тиісті органдар заң алдында жауапқа тартуы керек», - дейді дінтанушы.


Еске сала кетейік, жақында Иранда хиджаб киюге қарсылық акциясы өтті деп хабарлайды bbc.com. Қаңтардың 29-ы күні бірнеше келіншек Тегеран көшелеріндегі трансформатордың үстіне шығып, орамалдарын таяққа іліп, жалау секілді желбірете ұстаған. Бұл 1979 жылдан бері ең бірінші рет болып отырған наразылық шеруі.


Иран қыз-келіншектерінің хиджаб киюге наразылығы былтырғы желтоқсан айында басталған-ды. 31 жастағы Вида МОВАХЕД 27 желтоқсан күні Тегеран көшелерінің біріндегі дүңгіршікке шығып, басындағы орамалын жұлып тастап, шашын жайған. Қолындағы орамалын бұлғап, хиджаб киюге қарсылығын білдірген Виданың фотосы әлеуметтік желілерде кеңінен тарады.


Алайда бұл қарсылық акциясы ұзаққа созылмай, құқыққорғаушылардың қолына түскен Вида қамаққа алынады. «Ол қайда?» деген хештегпен сол кезде Твиттерде 28 мың рет парсы тілінде сұрау салынған. Иранда танымал құқыққорғаушы, адвокат Насрин СОТОУДЕХ Виданың 28 қаңтар күні бостандыққа шыққанын хабарлады.


Ислам мемлекеті саналатын Иранның әйелдері оранып жүруге қарсылық танытып жатқанда, Қазақстанда орамалға қатысты сот процестері аяқталып, шешімі шықты. Орамал таққан оқушы қыздарын мектепке кіргізуді талап еткен ақтөбелік ата-аналардың арызын сот қанағаттандырмады. Бұл туралы aktobenews.kz. хабарлады. Осы күнге дейін Ақтөбедегі 7 мектептің үстінен 15 ата-анадан арыз түскен.


Облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат ОРАЗБАЕВА баласын мектепке жібермей отырған ата-ананың 5 АЕК көлемінде айыппұл төлейтінін, ал егер бұл талапты да орындамаса, айыппұл көлемі өсетінін мәлімдеді.


Фото: imagecdn3.luxnet.ua, Facebook. com.




Көрілген: 932    Пікірлер: 0

жексенбі, 04.02.2018, 15:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31