Мәселе

Ит етінен тағам ұсынатын елордалық мейрамхана (видео)

  • Ⓒqamshy.kz

    Ⓒqamshy.kz

Ит жылында ит сатқыштар көбейіп жатыр. Тіпті оны ашықтан ашық ғаламторда да жариялайтын болған. Осы аптаның өзінде 2 оқиға болды.


Заң бойынша, жануарлардың, соның ішінде төрт аяқтылардың өміріне қастандық қылғандар жазаланады. Заңды белден басып жеті қазынаның бірін саудаға салып жатқандар мен алып жатқандар кімдер?


«Біздің елімізде корей мейрамханалары бар. Аз емес. Қазір біз солардың біріне кіріп, олардың қандай еттен тамақ әзірлейтінін, әрі оны қайдан алатынын білуге тырысып көрмекпіз. Ол үшін маған жасырын камера көмектеседі» - Еуразия бірінші арнасының тілшісі Аяулым Мұратқызы.


-Мясо собаки? У нас есть супчики собачки.


-А как называется


-Пасинта. У нас ее нету в меню.


Мәзірде жоқ, бірақ сұрасаң тауып береді.


-Прям из мясо собаки да?


- Да,да..


-Откуда вы ее берете?


-К нам завозят. Специально заказываем.


- Откуда? Не владею такой информацией. Но собака вообще свежая».


Даяшы иттің етін қайдан алғанын айта алмады. Бірақ, оның жаңа сойылғанын жеткізді. Ұсыныс бар, демек сұраныс та болады.


- А еще когда будут собаки на мясо?

- Не знаем.

- Но вы нам сообщите тогда…



Бұл бейнежазбаны еріктілер түсірген. Сатушы етке сатпақ итті 8 мың теңгеге бағалап отыр. Жануарлардың өміріне бей-жай қарамайтын жандардың сөзінше, олар сатушыларды әдетте ғаламтор арқылы табады. Сөйтіп, сатып алушы ретінде сол маңға барады. Ақшасын беріп, итті алады. Мақсат – оны жеу емес, қайткен күнде аяусыз жандардан аман алып қалу.


«Сойылудың аз-ақ алдында қалған мына ит қазір жануарлар үйінде. Мұндағылар тіпті оған Василиса деген есім қойыпты. Шамамен 3 жастағы ұрғашы иттің күшіктері де бар екен».


Мұнда келгелі бері Василисаның жағдайының жақсарғаны байқалады. Болмысынан момын ит болғаны ма, әйтеуір, басқа төрт аяқтылармен абаласпағанда екен. Бар болғаны кішкентай күшіктерін қорғаштап әлек. Оған тіпті еріктілер де болысуда.


«Васяның 5 бірдей күшігі бар. Олардың туғанына 1 ай ғана болды. Сондықтан, оларды жануарлар үйіндегі жылы жерге жайғастырған» - тілші Аяулым Мұратқызы.


Тиын табам деп, тәртіпке бағынбай жүргендердің дені – жасөспірімдер дейді еріктілер. Өйткені олардың ісі тек жануарды құтқарумен бітпейді. Тауарды иемденгеннен кейін олар жүгенсіздерді тәртіпке салу үшін тәртіп сақшылармен бірге сатушының үйіне қайта келеді.


Алайда, кәмелеттік жасқа толмағандардың тірлігін балалыққа балап, полицейлер жағдайды жылы жауып қояды. Бірақ, күнде осындай келеңсіздікпен кезігіп жүрген еріктілердің айуынша, олар мұндай қадамға өз еріктерімен бармайды.


«Телефон арқылы мен бір ер азаматпен 4 рет сөйлестім. Алайда, иттің етін пұлдауға 13-14 жастағы екі бала келді. Мұны олар өз еркімен істеуі ақылға қонымсыз. Өйткені, полицейлер оларды іздеп барғанда үйлерінде ата-анасы, әжесі бәрі болды. Демек, осының бәріне үйдегі үлкендер кінәлі. Балаға дұрыс тәрбие беріп отырған жоқ» - дейді жануарларды қорғаушы ерікті Жанна Қасенова.


"Пайда көзін іздеген кәсіпкерлердің көзіне көшеде қарғы баусыз қаңғып жүрген төбеттер түсіп жүрген жоқ па екен?" деп күдіктендік. Олай дейтініміз, қоқыс жәшіктерін торуылдап жүретін ит-мысықтарды қаланың кез келген жерінен көре аласыз. Ал, оларды аулап, етін пайдаланатындар тіптен қауіпті. Өйткені, сатылған иттердің барлығында бірдей ешқандай құжат болмаған.


«Ереже бойынша сол иттердің құжаттары болуы тиіс. Медициналық кітапшасы болуы керек болатын. Оның құжаттары ешқандай болмаған. Ол қазір әрі қарай тексеруге жатады» - қалалық ІІД-нің баспасөз хатшысы Софья Қылышбекова.


Ал, харам етті асына айналдыратын кейбіреулер оны ауруларға пайдасы болғандықтан, тұтынатындықтарын айтып ақталып жатады. "Иттің етін жесең, тұмау болмайсың" деген қаңқу сөз де ел арасында таңсық емес. Туберкулезден де айықтыратын осы иттің еті деп айтатындар да бар.Ал, кәсіби мамандар бұл фактілерді жоққа шығарп отыр.


«Қазақ өзінің мәдениеті бойынша иттің етін жеу деген жоқ. Сондықтан оған баға беру ветеринарлық сараптама жасау деген біздің заңнамалар бойынша белгіленбеген. Яғни оны зиян деп те, пайдалы деп те айта алмаймыз.Өйткені ол туралы ғылыми зерттеу нәтижижелерін көрген жоқпыз» - Ветеринарлық бақылау эәне қадағалау комитетінің ветеринарлық шаралард ұйымдастыру басқармасының басшысы Амангелді Ешмұхамедов.


Қазақ бұрыннан итті адамға адал дос көрген. Халқымыз тіпті оны жеті қазынаның бірі санағанмен, зиянды жақтарына көп көңіл бөлген. Сол себепті иттің етін жеуді жарамсыз санап, одан аулақ жүруге тырысқан. Ал, төбетке тәбеті тартып тұратындарды көп қазақтың түсінуі екіталай. Оны ұнатпайтын адамына «иттің етінен жек көремін» деген тұрақты тіркестен-ақ аңғара аламыз.


Гүлнұр Жақсылықова

qamshy.kz 




Көрілген: 1015    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 22.01.2018, 15:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31