Жалғызбасты әкелер мемлекеттік көмекті сезініп отыр ма?

Жалғызбасты әкелер мемлекеттік көмекті сезініп отыр ма?

Әрине, жалғызбасты әкелер жалғызбасты әйелдерге қарағанда анағұрлым аз деп ойласақ та, бүгінгі таңда елімізде 68 мыңнан астам азамат бала-шағасын бір өзі бағып отырғанын білеміз бе? Оған қоса еш уақытта дәл статистика жасау мүмкін еместігін ескерсек, жалғызбасты аналардың да, жалғызбасты әкелердің де саны біз ойлағаннан әлдеқайда бөлек болып шығады.
Осы менің бала күнімде сана сәбиіме сыймайтын бір оқиға болған-ды. Көрші ауылда тұратын бес баласы бар келіншек үй салуға көрші елден келген ұста жігітпен бірге қашып кетті. Ауылды жерде мұндай жағдай жайына қалушы ма еді?! Жұрттың бәрі бес баласы мен күйеуін тәрк етіп кеткен келіншектің қылығын түсінбей, ақылдары айран-асыр болды. Айналадағылар сүттей ұйып отырған елдің болмысына мүлде қабыспайтын тірлікті түсінбей, сөгейін десе сөз таба алмай, не әйелдің өзін таба алмай, бір тосын жәйт болған. Танитын да, танымайтын да көпшілік жағаларын ұстап, бірнеше жыл бойы осы оқиғаны айтып жүрді. Ол келіншектің балалаларын мүсіркемеген адам жоқ. Осылай жүргенде, араға тоғыз жыл салып, көкек-әйелдің біздің ауылдағы төркіндері келіншекті Ташкенттегі Олой базарда көріп қалып, қасына барғанша кісісі құжынап жатқан халықтың арасынан жоғалтып алыпты. «Ана сорлы түк болмағандай тауар алып жүр екен» деп ауылға көргендердің түңіліп қайтқанын естідік те, есіміз кіргенше осыны ұмытпай жүрдік. Бауыр еті балаларын бір жатқа қиған әйелді еш түсіну мүмкін емес еді. Сәбилерін неге сағынбайды, оларды тағдыр тәлкегіне салып қойып, тамағынан қалай ас өтіп жүр екен деп ойлаумен күндер өтсе да, ол балаларын іздеп келген жоқ...
Дегенмен, кейін өмір дейтін бұралаң жолда шайтан адастырған шерменделерді талай кездестірсек те, бір еркек үшін бес бірдей ботасынан бас тартқан әйелді бір рет те түсіне алған емеспіз.
Араға көп жылдар салып барып осы оқиғаға оралуымыздың да өзіндік себептері табылып отыр. Бір жағынан осы мәселені көтеруге жабылып қалған «Еларна» телеарнасында жаңа форматқа көшіп, кейін аталмыш арнамен қосыла жабылған ток-шоу бағдарламасы түрткі болған-ды. Сол кезде «Бәрі де мүмкін» деген жаңа атауға ие болған бағдарлама жалғызбасты еркектердің жайы туралы әңгіме таластыруды дұрыс санаған екен. Мәселе мынада, еліміздегі жалғызбасты еркектерге мемлекет тарапынан әлеуметтік көмектер керек пе, жәрдемақы берілуі қажет пе, кезексіз баспана берген жөн бе деген сықылды сауалдар төңірегінде жақ-жақ болып сөз таластырдық. Жаңа ток-шоудың тәртібі солай.
Сарапшылардың сорына орай, студияға басты кейіпкер ретінде оңтүстік өңірден балаларын жетектеп келген жалғызбасты әке – жалғызбасты әке ғана емес, бірінші топтағы мүгедек болып шықты. Алдымен Алға дейтін азаматтың өмірі жайлы сюжет көрсетілді. Әйелі осыдан төрт жылын бұрын төрт бірдей тағдырдың – ері мен үш бірдей баласының басынан аттап кетіп қалыпты. Алдын ала көрсетілген сюжетте де, студияда отырғанда да жарының неге кетіп қалғаны жайлы жалғызбасты әке ашып ештеңе айта алмады. Мен оны тоқтатпақ болып, сабасына түсіремін деп талай сөйлесіп көрдім, жалындым, ұрыстым да, мүсәпірленіп те айттым дегеннен әрі аспады. Ал балалары Алладан жалбарынып алғандай – сүп-сүйкімді, ақылды, зерек екені байқалады. Бір қарағанда бүкіл елге сырын шашып отырған жігіт те ақымақ емес, намысы бар сияқты.
Бәрінен де жалғызбасты еркектерге үкімет үлкен көмек көрсетсін, мемлекет жәрдемақы берсін, әкімшіліктер баспаналы етсін дейтін топқа жеңіл болды. Сөзін сөйлеп отырғанды кім жек көрсін?!
Осы арада заңға сүйенсек, Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодексі бойынша ер адаммен қатар әйел адам да тең дәрежеде алимент төлеуге міндетті. Егер алимент туралы өзара келісім болмаған кезде сот кәмелетке толмаған балаларға олардың ата-аналарынан алиментті ай сайын мынадай мөлшерде: бір балаға – ата-анасы табысының және (немесе) өзге де кірісінің – төрттен бір бөлігін, екі балаға – үштен бір бөлігін, үш және одан да көп балаға тең жартысын өндіріп алады. Бұл үлестердің мөлшерін сот тараптардың материалдық және отбасылық жағдайларын және назар аударлық өзге де мән-жайларды ескере отырып, кемітуі немесе көбейтуі мүмкін.
Алайда, алағай да бұлағай замандарда да намысын бермеген, көз жасын көрсетпеген, жыртығын жамаған, арығын білдірмеген азаматтардың күндердің күнінде бала жетектеп, көк теледидардан көпке қолын жаятын күнін де көреміз деп кім ойлапты.
Студияда отырған заңгер жігіт бүгінгі таңда елімізде 68 мыңнан астам жалғызбасты әке бар екендігін және оларға қандай көмек берілетіндігін алға тартты. Алайда, ешқашан мұндай көрсеткіштерге сенуге болмас. Жоғарыда атап өткенедй, еш уақытта дәл статистика жасау мүмкін емес. Статистикалар халықтың белгілі бір тобына ғана жасалады және бұл өте қымбат процесс. Сондықтан жеме-жемге келгенде әлі күнге дейін балаға, дүниеге таласып, соттасып, боқтасып бітпегендер жетіп артылады. Қағаз жүзінде некеде болса-дағы, бірін бірі көрмегеніне, ат құйрығын үзіскеніне неғайбыл жылдар өткен жұптар жеткілікті.
Студияға келген сарапшылар арасында жалғызбасты әкелерге көмек берілуі керек деген көзқарастар басым түсіп жатса-дағы, ойбай-ау, бұл жігіттің ағайындары қайда, көмектесер кімі бар деп байбалам салғандар да болды. Жігіт емессің бе, қия тартып жүрген келіншегіңнің шаңын неге қағып алмадың, әйелді еркелетіп отырып та уыстан шығармау керек қой, деген кісілер де табылды.
Психологтар басты кейіпкердің жанын жараламауға да тырысып, әйелін де студияға шақыру керек еді деген уәжден аспады. Өйткені, ол қанша дегенмен психолог қой, дүйім жұрттың алдында қате сөйлегісі келмейді.
«Басы ауырмағанның балтыры сыздағанмен шаруасы жоқ» дегенді білеміз-ау. Бірақ, о заман да бұ заман еркектің мүсәпір күйге түсіп, көптің алдында шарасыз күй кешкенін қабылдау қиын еді.
Егер елімізде бүгінгі таңда 68 мыңнан астам жалғызбасты әке болса, жалғызбасты аналардың санына кім жеткен? Бұл жерде ресми статистика тағы да керек емес. Қазіргі таңда жылына неке құрғандардың 30 пайызына дейін ажырасып, оң жақты отырып сәбилі болу сөкет көрінбейтін болған заманда миллионға тарта жалғызбасты ана бар деп айтсақ жағымыз жаңыла қоймас. Солардың ішінен ара-тұра сағы сынғандары БАҚ құралдары арқылы көптің көмегіне жүгініп, мемлекеттен қолдау сұрап жатады. Бірақ, студияға балаларын шұбыртып әкелген әйел дәл менің есімде жоқ.
Қызылкеңірдек болып, пікір жан-жаққа айырылып жатқан тұста бір-екі ауыз көзқарас айтудың сәті түскені.
Бұ қазақтың басынан не келіп, не кетпеген?! Замананың қай тұсында біздің ұлт төртқұбыласы түгел күй кешіпті. Жақсы күндердің барлығын алдан күтіп жүрген елміз. Бірақ, халықты қынадай қырған ашаршылық жылдарында да, миллиондаған адамның басын жалмаған соғыстарда да, саяси қуғын-сүргінді былай қойғанда ел ерлерге қарады. Қайран біздің арды ойлаған шешелер қамыққанын да сағы сынбасын деп ұл-қызына көрсетпеді. Одан соң да аумалы-төкпелі жылдар келіп, өліра мезгілде балапан басымен, тұрымтай тұсымен тарап, КСРО тарап, тәуелсіздік алар тұста да ел қатты қиналды. Мықты мамандардың өзі қысқарып, жас кадрлар тентіреп қалғанда әйелдер аладорба арқалап жүріп, отбасыларын асырады. Ерлері есеңгіреп қалған жылдары жарларына жігер берді. Шындап келгенде, бұл да некелердің адалдығын сынайтын Алланың үлкен сынағы болатын. Бірін бірі сүйетіндерді қиындық одан да қабыстырып, бала-шаға айналасында табыстырса, күйрейін деп тұрған шаңырақтарды ауырталықтар қирата салды. Күйеуің сені сүйе ме, әйелің сені бағалай ма, білгің келсе – жұмыссыз, ақшасыз қалып көр.
Жүз жерден адамгершілігіміз тасып тұрса да, ел аман, жұрт тынышта жылап жүрген еркектерді түсіну үшін сол адамның тағдырын кешу керек болар.
Беті әрмен, бірақ, студияға балаларымен келген мүгедекпін деген жігітке қарап түрлі ой кешкеніміз рас. Айтқандай, түсірілімге тұздық болсын дегені шығар, бір кезде студияға жазушы Шаяхмет Құсайынов шақырылды. Ол кісі де бір кезде жарынан айырылып, балаларын құшақтап қалған. Бір дерттің кесірінен төсекке таңылып жатудың не екенін біледі. Өстіп жүріп те балаларын жетілдіріп, жиырма бірдей кітаптың авторы атанған. Алға дейтін азаматқа қай жағынан болса да ақыл айтар жөні бар.
Айтқандай, кейін осы бір қолайсыз бағдарламаның кейіпкеріне демеушілер табылып, пәтер әперіп, үш бірдей баласымен баспаналы болғаны жайында хабардар болып, қосыла қуанған едік. Алайда, осындай сәттерде балаларының қасында, ошағының басында отырмаған көкек-әйелдердің не ойлағандары бар?
Айнаш Есалы
Facebook-тегі парақшасынан
Түпнұсқадағы тақырып: Жалғызбасты әкелер

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста