Мәселе

Жаңа жылдан бастап көпбалалы және жалғызбасты аналарға жәрдемақы берілмейді

  •  © TVK

    © TVK

Елімізде жаңа жылдан бастап жаңа әлеуметтік көмек көрсету жобасы іске қосылады. Көпбалалы және жалғызбасты аналарға қайтарымсыз негізде ақша беріледі. Тек бөлінген қаржыны белгілі бір кәсіпті ашуға жұмсауы тиіс. Бұл туралы ТВК арнасына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.


Бұдан былай 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы, атаулы әлеуметтік және мемлекеттік көмек деген болмайды. Келесі жылдан бастап "Жаңа форматтағы әлеуметтік көмек" жүзеге асқалы жатыр. Яғни, жұмыссыз отырған ата-ана бала санына байланысты мемлекеттен қомақты қаржыны ала-алады.


Мәселен, 5 балалы жанұяға үкімет бес жүз мың теңге көмек ұсынады. Мұндай жеңілдікке өз кәсібін ашуды жоспарлаған отбасылар да қол жеткізе алады. Ең бастысы, мемлекеттен берілген бұл ақшалар бюджетке қайтарылмайды.


«Асыраушысынан айырылған адамдарға, бала күтіміндегі жалғызбасты аналарға арналған. Оларға жеке кәсіп ашудың, жұмысқа барудың қажеті жоқ. Бөлінген ақшаға мал шаруашылығын, тігін өнеркәсібін дамыту қажет. Бұл да қайтарымсыз негізде», - дейді Шымкент қалалық жұмыспен қамту орталығының маманы Айнұр Айтуарова.


Қаратау ауданының әкімдігі әлеуметтік көмектің шарттарын түсіндіру үшін көпбалалы аналардың басын қосты. Жиналғандар, жобаның тиімді тұстарын анықтай бастады. Олардың бірі – Севара Батырова. 6 балаланың анасы әлеуметтік көмекке қолжеткізуге ниетті.

«Менің күйеуім сапожник. Оралман. Сауаты жоқ. Қолынан басқа жұмыс келмейді. Жасы 50-ден асып кеткен. Балаларым кішкентай. Мен Өрлеуден алсам, қолымнан еш нәрсе келмейді. Мен ойлағам, тым болмаса сапожникке керекті жабдықтарды алып, сатамын деп. Бірақ, ол болмайды деді. Мал асыра деді. Мен мал асырай алмаймын. Огородтан да ештеңе істете алмаймыз», - дейді көпбалалы ана.


"Жаңа форматтағы әлеуметтік көмектің" төңірегінде туындаған сұрақтар көп болды. Себебі, мемлекеттің қайтарымсыз қаржысын бәрі де алғысы келеді. Мамандардың мәліметінше ешқандай қиындығы жоқ. Тек құжаттады түгендеп тапсыру қажет. Өзгеде сауалдарға Шымкент қалалық жұмыспен қамту орталығындағылар жауап беруге дайын.


Ал, БАҚ өкілдерінің келетінінен хабарсыз болған Қаратау ауданы әкімдігі алтынқұрсақты аналарға арналған жиынды жағымсыз иісі мүңкіген жертөледе өткізді. Ұйымдастырушылар, тілшідердің келетінін білгенде, жиынды кеңдеу бөлмеде өткізетінін мәлімдеді. 




Көрілген: 2210    Пікірлер: 5
Пікірлерді оқу (5) preloader

сәрсенбі, 08.11.2017, 09:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30