Мәселе

"Жаңа синий кит": Желіде өзіне қол жұмсауға мәжбүрлейтін вирус пайда болды

  • Фото: medialeaks.com

    Фото: medialeaks.com

Интернетті шулатқан "Синий кит" вирусы бірталай жасөспірімнің өмірін қыршынынан қиған болатын. Енді оның жаңа түрі шыққаны туралы таралған ақпарат көпшілікті дүр сілкіндірді. WhatsApp-та Момо есімімен танысып, өлімге итермелейтін адам пайда болды деп жазады NUR.KZ.


Испания елінде танылып үлгерген "Момо" әлеуметтік желіде адаммен танысып, оны қорқыта бастайды. Дәл "Синий кит" іспетті ол сөйлесушінің мекен-жайы мен жеке мәліметтерінен хабардар екенін ескертеді. Сондай-ақ жантүршігерлік тапсырма беріп, адамды өз-өзіне қол жұмсауға бұйрық та беретіні де анықталды.


Ең қызығы бұл вирус жазып отырған адамның тілінде сөйлескен. "Момо" Испания және Аргентина елдерінде кең қанат жайған. Бұл мемлекеттерде тіпті адам өлімі орын алып, марқұмның ең соңғы сөйлескен адамы "Момо" болып шыққан.


Әзірге бұл вирусты ойлап тауып, бөтен адамдардың өміріне қауіп төндірумен айналысатындардың кім екені анықталған жоқ. Полицейлердің айтуынша, олар адамның ұялы телефоны арқылы ол туралы барлық ақпарат пен нақты мекен-жайын біліп алады.


Бұл вирус желіде қызу талқыға түсіп, өзге ел азаматтарын біраз алаңдатып қойғаны рас. Көпшілік "Момо" туралы ақпаратты таратып, барынша басқа адамдардың хабардар болуына өз септігін тигізуде. Олар бұл әрекеттерімен басқалардың алдын ала дайын болып, қауіпке төтеп беру үшін жасап жатқандығымен түсіндірді. 




Көрілген: 922    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 08.08.2018, 14:50

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31