Жаңа туған сәбидің кіндігі мен "серігі" де бизнеске айналған ба?

Жаңа туған сәбидің кіндігі мен "серігі" де бизнеске айналған ба?

Атын жарияламаған ресейлік бір дәрігер ruslekar.info сайтының тілшісіне берген сұхбатында сәбидің кіндігін туа сала кесуге мүлде болмайтынын айтады. Оның пайымдауынша, сәбидің кіндігі туған соң бір сағаттан кейін ғана кесілуі тиіс.

«Өйткені, сәби туылғаннан кейін бір сағаттай кіндік арқылы тыныс алуы қажет. Сол уақыт аралығында сәби мұрынмен дем алуға бейімделіп, өкпесінің жұмысы қалыптасады. Кіндікті туа сала кескенде өкпе алқынады. Кіндікті кесу - оны кислородтан айыру деген сөз. Яғни туа сала кіндікті кескенде сәби тұншығады. Адамға ауа жетпегенде қандай жағдайда болатыны, айтпаса да, түсінікті. Ондай кезде сәби күшпен тез-тез тыныс алуға мәжбүр болады. Мұрын арқылы тыныс алуға бейімделіп үлгермеген өкпе де, алқынып жұмыс істейді. Бұл сәби денсаулығына кері әсер етеді. Сонан соң сәбидің «серігіндегі» қан кіндік арқылы балаға өтуі тиіс. Ол процесс бір сағатқа жуық жүреді. Ал туа сала сәбидің кіндігі кесілгенде балаға қажетті қан баланың «серігінде» қалып қояды. Ал сәбидің «серігіндегі» қан баланың табиғи иммунитеті үшін аса қажет. Демек, туа сала кіндігін кесу - сәбидің иммунитетін төмендетеді. Сондықтан баланың кіндігін туған соң бір сағаттан кейін кесу керек. Ал бүгінгі таңда сәбилер арасында аурудың көп болу себебінің бірі осында жатыр» дейді белгісіз дәрігер.
Белгісіз дәрігердің айтуынша, туа сала кіндік кесу - медицинадағы бизнесті дамыту үшін тиімді тәсілдің бірі. Өйткені иммунитеті төмен бала аурушаң келеді. Ал ауырған балаға дәрі-дәрмек қажет. Науқас қанша көп болса, дәрі саудасы сонша жақсы дамиды. «Бүгінгі күнде дәрігерлер біліп-білмей, осылай бизнеске қолғабыс жасап отыр» дейді белгісіз маман.

Жаңа туған сәбидің кіндігі мен «серігі» бизнес көзі
Белгісіз дәрігердің айтуынша, жаңа туған сәбидің кіндігі мен «серігін» аса қымбат медициналық және косметологиялық өнім өндіруде пайдаланатын көрінеді. Маманның айтуынша, бұл медициналық және косметологиялық өндіріс үшін тегін шикізат, яғни пайданың көзі. «Сондықтан медициналық бизнестің басында тұрғандар сәбидің кіндігін туа сала кесуге тапсырыс беріп отыр» дейді құпия маман.
Ресейлік маманның айтуына қарағанда, бұл жайдан қатардағы акушер-гениколг дірігерлер хабарсыз. «Өйткені оларды солай оқытып отыр. Олар жаңа туған сәбидің кіндігі мен «серігі» қайда кетіп жатқанынан бейхабар» дейді белгісіз дәрігер.

Біздің дәрігерлер не дейді?
Осы мәселеге қатысты жауап алу мақсатында бірнеше дәрігерге хабарластық. Алайда біздің мамандар бұл мәселеге қатысты пікір білдіре алмайтындарын айтты. Десе де, атын жарияламауды өтінген бір дәрігеріміз бұл сауалға қатысты пікірін білдірді. Оның айтуына қарағанда, ешбір мемлекетте баланың кіндігін бір сағаттан кейін кеспейді. Туа сала сәбидің кіндігін кесу әлемдік медицинада қалыптасқан үрдіс. «Ауырмайтын бала болмайды. Ал, қазіргі кезде балалардың жиі науқасқа шалдығуын баланың кіндігін туа сала кесумен байланыстыру дұрыс емес. Бұл көп жағдайда аналардың жүктілік кезінде дұрыс күтінбеуімен, бала күтіміне салғырт қараумен байланысты. Сонан соң, «баланың серігін медициналық және косметологиялық өнім өндіруде пайдаланады» деген тіпті қисынсыз» дейді маман.
Десе де, «ресейлік дәрігердің мұндай мәселе көтеруіне не себеп? Неліктен біздің дәрігер бұл мәселеге қатысты жауап бергілері келмейді?» деген сауал көкейде қалды. Егер осы саланың мамандары осы мәселеге қатысты нақты пікір жазса, құба-құп болар еді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста