Жаңа заң жезөкшелер мен қайыршылардың жолын кесе ме?

Жаңа заң жезөкшелер мен қайыршылардың жолын кесе ме?

Әлемдегі ең байырғы «кәсіп» иелері мен қайыршылар жаңа жылдан бастап өздерінің «жұмысы» үшін салық төлейтін болады. Нақтысын айтқанда әкімшілік айыппұл төлейтін болады. Бұл еліміздегі белең алған жезөкшелік пен қайыршылардың көбеюіне тұсау салады-мыс. Өмір бұралаңында тағдырының тас-талқаны шығып, жеккөрінішті іске басын сұққан жандарға бұл заң қаншалықты әсер етеді? Бүгінгі талдар тақырыптың тұздығы да осы...
Өткен жылдан бастап халық қалауыларының алдына талдауға түскен «әкімшілік құқық бұзушылық туралы» «су жаңа» кодекс осы жылдың алғашқы күнінен бастап ақыры қолданысқа да енді. Ерекшелігі сол бұрындары алақан жайып қайыр тілегендер, енді жұртты мазалағаны .үшін 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлемек. Жұртшылыққа жыныстық қызмет көрсетумен «жалақы» алатын жеңіл жүрістілерге де жаза қатайған. Бұрын тәнін сатушылар тек тіркеуге алынып, түзу жолмен жүру қажеттігі ескертілсе, енді олардың мазалағаны туралы шағым түссе 5 айлық көрсеткіш яғни он мың теңге көлемінде бірден айыппұл салынады. Ал жаза қолданылғаннан кейін де сол тірлігін жалғастырса, он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынып, тіпті темір торға да тоғытылмақ. Ал аталған кәсіпті шетелдік жасаса бірден 5 тәулікке қамалып, одан кейін бірден өз еліне аттандырылады. Бір қарағанда, еш сөкеттігі жоқ. Яғни, қоғамның кері кетуіне жол бермеудің амалы қарастырылған. Алайда, жаңа заң қоғамда екі жақты пікір туғызып, дауға айналатын түрі бар.
Владислав Косарев, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты:
-Бұл ақымақтық. Мен мұны мұлде ақымақтықтың көкесі дер едім. Нанын таба алмайтын бейшара қайыршыға қалай айыппұл салмақ? Бұны тіпті айтудың өзі ұят. Мемлекет қалайша өзінің күнін зорға көріп итшілеп күнелтіп жүргендерден айыппұл алады? Меніңше бұл мүлде жөн-жосығы жоқ берекесіз іс...

Иә, тағдырының талайы шығып, бала-шағаларынан медет болмаған байғұстар күн санап көбейіп барады. Қаусаған кәрі-құртаң қарттар үйін паналаса, үй-күсіз қаңғыбастар жертөлелер мен бейімдеу орталықтарына бас сұғып жүр. Бірталайы өз күнін көрмек болып, алақан жайып нәпақасын табудың амалын көшкен.
Халық қалаулысы бұрын қаңғыбастардың басқа елден келген келімсектер болғанын, ал қазір олардың орнын жұмысы мен отбасынан айырылған отандастарымыз басып тұрғанына қынжылды. Әсіресе, қайыршы-қаңғыбастардың қатары жастармен толығуы алаңдатады. Тіпті, бесіктен белі шықпаған балалар да ақша табу үшін қайыршылықты кәсіп ете бастады. Олардың арасында ұрылар мен ішкіштер, нашақорлар да жетіп артылады. Алайда, олар тіпті емделмейді де. Бұл әрине қоғамдағы аса ауыр кеселге айналған ауыр дерт деуге де болады, - дейді Владислав Борисович.
Жә, қайыршы қаңғыбастардың жайы белгілі. Жыл санап көбеймесе азайған емес. Жаңа заң қоғамдағы қайыршылықтың тамырына балта шаба ма жоқ па ол келер күннің еншісі. Кезекті тәнін сатып тұрмысын түзегендер жағына бұрсақ.
Қазақ тарихында жезөкшелікке тыйым салу туралы алғашқы заң 1987 жылы Қазақ КСР-інде қабылданыпты. Онда алғашқы құқықбұзушылық үшін 100 рубль айыппұл салынса, сол жылы тағы қайталанса 200 рубль төленетін болған. Алайда, келмеске кеткен кеңестермен бірге жезөкшелікке тыйым салу 2001 жылдың 30 қаңтарынан бастап алынып тасталыпты. Ал 2013 жылдың 4 шілдесінен Қазақ елі адам саудасына тосқауыл қою туралы заң қабылдаған. Оған сәйкес жезөкшелікпен айналысу үшін пәтер ұсынушыларға қомақты айыппұл белгіленген. Енді жаңа заң 27 жыл бұрынғы заңды қайталап жезөкшелердің желкесін қимақ.
Бірақ, заң қаншалықты қатал болғанымен, тәнін саудаға салушылардың қатары азаяр емес. Керісінше көбейгеннің үстіне көбейе түсуде. Тіпті, олардың арасында кәмелет жасына толмағандардың да болуы алаңдатады.
Әйгерім Жанахметова, Көкшетау қаласының тұрғыны:
-Жаңа заңды толығымен қолдаймын. Бұл мүлде еркінсіп кеткен жеңіл жүрісті қыздарға тыйым болар еді. Қоғамды теріс жолға салып, отбасылардың ойранын шығарғаннан басқа жезөкшеліктің пайдасы жоқ. Әсіресе, келер ұрпақ үшін бұл түсіндіруді қажет ететін аса маңызды мәселе дер едім. Жаңа кодекс қыздарымызға қырық үйден тыйым сала алар деп ойлаймын.

Жаңа кодекс балаларын қайыршылық пен жеңіл жүріске салынғанын білетін ата-аналарды да аямайтын түрі бар. Ендігі кезекте балаларын қайыршылық мен жезөкшелікке мәжбүрлеген ата-анаға қылмыстық іс те қозғалуы мүмкін. Айта кетейік аталған жаңа кодекс солтүстіктегі көршіміз Ресейден алыныпты.
Қалай десек те, кодекс күшіне енді. Оның қоғамдағы ауыр мәселеге айналған жезөкшелік пен қайыршылықтың қадамына тосқауыл қоя ала ма, жоқ па ол алдағы уақыт еншісі. Біздікі тек ой бөлісу. Оқырман, Сіз қалай ойлайсыз?!.

Абзал Алпысбайұлы
Ақмола облысы

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста