Мәселе

Жаңаөзенде де жезөкшелер қаптап жүр (видео)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Мынау нағыз масқара ғой! Жаңаөзенде жүргізілген мына рейд кезінде де жезөкшелер ордасы анықталды.


Айта кетсек, бұдан бұрын Тоқтар Серіков қазақ қыздарының қытай жігіттеріне тұрмысқа шығуына қатысты пікір білдірген еді.


Оның айтуынша, қытай жігіттеріне тек жеңіл жүрісті қыздар тұрмысқа шығуы мүмкін. Ал нағыз қазақтың мен деген намысты қыздары оларға қарамақ түгілі менсінбейді.


Бұл туралы «Сырласу» бағдарламасына берген сұхбатында айтқан.


«Мен қазақ қыздарының бәрін қызғанамын. Өткенде қазақтың қыздары қытайға тиейін деп жатыр деп инстаграмды шулатты. Мен бір кісідей, жын соққандай ауырдым. Мен қызғандым. Кәдімгі өз әйелімді, үйдегі қызымды, туған қарындасымды алып кететін сияқты қызғандым. Жылағым келді», – деп ағынан жарылды әнші.


Бұл туралы жан айқайын жеткізгісі келген әнші артынша ақылдың сарабына салып, өзін тоқтатқан. Мұның себебін ол былай түсіндірді:


«Менің қарындастарым онсыз да саналы, аттарын айтпай-ақ қояйын, қазақтың мен деген қыздары, олар бізден де намысқой. Қазақтың қыздары жігіттерден де намысты. Намыс сондай болып тұр, олардың тиюі мүмкін емес, олар менсінбейді де.


Қытайға тиетіндер кімдер? Жезөкше қыздар тиеді, әбден болған, ар-намысы, тегі жоқ, қаны жоқ, қазаққа түрі ғана ұқсайтын біреулер тиюі мүмкін. Олар тисе тие берсін, қайғырмаймын. Ал нағыз менің қарындастарымның тиюі мүмкін емес.


Бай көкелерді менсінбей жүргендер тимейді. Олар нағыз өз махаббаттарын іздеп жүрген қазақ қыздары. Құдайға шүкір, тәубе. Олардан нағыз батырлар туады, ел дейтін, жұрт дейтін, тым құрығанда ат үркитін азаматтарды дүниеге әкелетініне мен сенемін», – деп түйіндеді сөзін Тоқтар Серіков. 





Көрілген: 1042    Пікірлер: 0

сенбі, 02.06.2018, 11:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30