Жанды жалмаған жәндік немесе адам өлтіретін кене!

Жанды жалмаған жәндік немесе адам өлтіретін кене!

Зиянкес жәндіктердің ішінде кенеден келер қауіп көп, соның бірі Конго Қы-рым геморрагиялық қызбасы (бұдан әрі – КҚГҚ) бұл инфекция ел арасында «Көка-ла» атымен тараған.

Өкінішке орай өткен 2018 жылы елімізде Көкала жұқтырған адамдардың 22,2% қайтыс болды.

Қазіргі таңда КҚГҚ - сына Шымкент қаласы, және Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарындағы 330 елді мекені қолайсыз болып саналады. Бұл көрсет-кіш 2017 жылмен салыстырғанда Жамбыл облысында 68 – ден 83 елді мекенге, Қызылорда облысында 117 - ден 127 елді мекенге артты. Оған себеп КҚГҚ - сын таратушы кенелердің таралу ареалы кеңеюде.

КҚГҚ - мен еліміздің қоғамдық денсаулық сақтау саласы мамандарымен КҚГҚ – сын бақылау мақсатында жыл сайын 140000 жуық кенелер зерттеледі. 2018 жылы 138276 кене зерттелініп, нәтижесінде 4,0% КҚГҚ – ның вирусы анықталды.

Ал тұрғындар арасында 2018 жылы кене шағуынан медициналық көмекке жүгінген 7081 адам бақылауға алынып, оның ішінде 18 адамы КҚГҚ – сы инфек-циясымен (Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстары) ауырды. Өкінішке орай ауырған 18 науқастың 4 - уі (22,2%) Жамбыл, Қызылорда және Түркістан об-лыстарында қайтыс болды.

КҚГҚ – мен тіркелген 18 науқастың 4 – уі қайтыс болса, қалған 14 науқасы дер кезінде дәрігерлік көмекке жүгінгеннің арқасында емделіп жазылып шықты, яғни КҚГҚ – сы қауіпті инфекциясынан қорғану үшін адамдар кене шаққанын бай-қаған кезден дереу медициналық көмекке жүгінген абзал.

2018 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша КҚГҚ – мен әлемде – 496 адам сырқаттанып, олардың 39 қайтыс болған. Оның ішінде: Африканың 3 елінде (Уганда, Намибия, Мавритания); Азияның 5 елінде (Ауғанстан, Пәкістан, Иран, Ирак, Қазақстан); Еуропаның 3 елінде (Ресей, Испа-ния, Греция).

Сонымен, КҚГҚ – сы немесе Көкала қалай жұғады? Кене шаққанда, кенені жалаң қолмен езу - жаншу, жануарларды сою, бөлшектеу кезінде және індетпен ауырған науқастың қанымен жанасу арқылы жұғады.

КҚГҚ – сы немесе Көкала адамдарда қалай білінеді? Адам ауырғанда дене қызуы көтеріледі, бас, буын және бел ауырады, құсу, лоқсу, өзін – өзі ауырсыну, қалтырау, тоңу, дірілдеу, қан сұйылып, қан (мұрын, тістің қызыл еті) кетеді, денеде қан бөртпелері байқалады. Назар аудару керек: егер адам дер кезінде медицина-лық көмекке жүгінбесе өлім жағдайымен аяқталады.

Айта кету керек, КҚГҚ инфекциясы адамдардың жас ерекшелігіне қарамай, зақымдауы мүмкін. Әсіресе елді мекендерде үй шаруашылығымен (мал, қора таза-лау, шөп жинау, мал бағу) айналысқан адамдарда (балалар, жасөспірімдер ересек-тер) көп кездеседі. Мысалы 2017 жылы өз итінің құлағында жабысып тұрған кенені жалаң қолмен алған 13 жасар бала КҚГҚ – сы жұқпасынан 1 аптаға жетпей қайтыс болды.

Көп жағдайда тұрғындар арасында кенеден қорғаныш шараларын сақтамау әсерінен ауырған науқастар денсаулықтары күрт нашарлап, шарасыз қалған жағ-

дайда ғана дәрігерлік көмекке жүгінеді. Кене шағудан зардап шеккен адамдар дер кезінде медициналық көмекке жүгінгені өте маңызды және уақытылы маман-дандырылған медициналық көмек ала алады.

Кенелер кандай жерлерде болады? – Қора - жайларда, үй және ауылшаруашылық жануар-ларда, қи қоқыста, құс ұясында, тышқан інінде, өсімдік түбінде, шеңгел, жыңғыл бұтақтарында бо-лады. Аналығы 5-18 мыңға жуық жұмыртқалайды. Адам ағзасының температурасын 100 метр қашық-тықта сезеді, жүру жылдамдығы 5-7см/с, кене қорексіз бірнеше жыл тіршілік етеді. Адамдар мен жану-арларға көптеген аса қауіпті жұқ-палы ауру жұқтырып, зиянын тигі-зеді және жұқпалы вирусты 25 ай сақтап ұрпақтарына береді.

Кене шаққанда денеден кенені қалай алуға болады? - Кенені жалаңаш қолмен ұстамаңыз, себебі жұқпалы агент терінің шырышты қабығы немесе зақым-дануы арқылы енгізілуі мүмкін. Бұл сақтық әсіресе үй жануарларынан кенелерді алатын адамдарға қажет. Жұқтыруға неғұрлым бейім балалар мен иммунитет тап-шылығы бар адамдар кенелерді алмауы тиіс.

* Үшкір пинцетті және резеңке қолғаптарды қолданыңыз;

* Кенені денеден алу кезде пинцетті теріге жақынырақ ұстау қажет. Кененің ауыз бөлігі теріде қалмауы үшін теріден баяу және ұқыпты, жұлқымай асықпай алу керек;

* Кенені алғаннан кейін кене шаққан жерді дезинфекциялық затпен мұқият өңдеңіз және қолды сабынмен жуыңыз;

* Кененің денесін зақымдамаңыз, себебі ол патогенді болуы мүмкін;

* Алынған кенені ыдысқа салып, қақпақпен герметикалық жабу керек;

* Кенеге керосин, май, ацетон немесе басқа да сұйықтықтарды жағуға, сон-дай-ақ кенені теріден бөлу үшін қыздыруға болмайды.

Кенеден калай қорғануға болады? - Әр адам жеке басының қауіпсіздігі және кенеден қорғану үшін - табиғатқа шығатын тұрғындар мен саяхатшылар ұзын жеңді көйлек киіп, жеңдерін түймелеп, ұзын балақты шалбарды шұлықтармен қымтап кию керек, аяқ киім, бас киім киіп, өзімен бірге дененің ашық жерлеріне себетін репелленттерді дәрілік заттарды алып жүру қажет және өзінің, қасындағы адамдардың денесінде кененің бар жоғын жиі тексеріп отыру керек.

КҚГҚ – на қолайсыз елді мекендерде мал қораларын және маңайын, үй ішін т.б. дезинсекциялау, тұрғын үйлерде, мал қораларында кенелердің болмауын қада-ғалау керек. Бұл жұмыстар міндетті түрде мамандардың бақылауымен жүзеге асы-рылуы шарт.

Ауырған адамдардың қаны үй заттарына жанасудан сақтанған жөн. Маңайда-ғы керексіз заттар, мал қораларындағы қи - қоқыстар жиналып өртелуі тиіс. Малды механикаландырылған шомылдырғыштарда тоғытқан дұрыс.

Естеріңізде болсын, жеке бастың сақтық шараларын сақтай отырып, ауруды ауыздықтай аламыз.

ҚР ДСМ ҚДСҰО – ның СЭСжМҒПО филиалы

Қауіп – қатерлерді бағалау және

инфекциялық аурулардың

эпидемиологиясы зоологы Ө. Б. Үсенов

ҚР ДСМ ҚДСҰО – ның СЭСжМҒПО филиалы

Қауіп – қатерлерді бағалау және

инфекциялық аурулардың

эпидемиологиясы дәрігер эпидемиологы З. С. Турлиев 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста