Мәселе

Жаркенттің ең аласа бойлы тұрғыны төрт дипломды аруға үйленді

  • Ардақ Бекишев жарымен. Фото: отбасылық мұрағаттан

    Ардақ Бекишев жарымен. Фото: отбасылық мұрағаттан

Алматы облысы Жаркент қаласы Аққұдық ауылының ең кішкентай бойлы тұрғыны Ардақ Бекишев төрт дипломды аруды жар етті деп хабарлайды NUR.KZ порталының тілшісі.


Ардақ - туа бітті гипофизоарный нанизм (бойдың өспеуі) дертіне шалдыққан, екінші топтағы мүгедек жан. Яғни, 42 жасқа келген азаматтың бойының биіктігі небәрі 135 см.


Жаркент тұрғыны өзі секілді аласа бойлы аруды әлеуметтік желіден тауып, бірден ғашық болғанын айтады.



"Жаркент қаласындағы бойы ең қысқасы менмін. Жасым қырықтан асқанша үйленбей жүруімнің басты себебі - мені түсінетін, өзім тағдырлас жанды жолықтыру. Гаухармен біз секілді жандарға арналған желіде танысып, үш айдан соң үйленуге бел будым. Гаухар да мен секілді аласа, бойының биіктігі 130 см", - дейді Ардақ Бекишев.


Гаухар Төлегенова ОҚО Мақтарал ауданының тумасы. 1979 жылы өмірге келген келіншек осы уақытқа дейін бірнеше оқу орнын тәтәмдап, төрт дипломға қол жеткізген.



Бүгінде жас отбасы Жаркент қаласында тұрып жатыр.


"Дүркіретіп, үлкен той мен құдалықты күзде жасасақ деп отырмыз. Гаухарға ақ орамал салып, бірге тұрып жатырмыз.


Туыстарымыз екеуміздің үйленуімізге еш қарсылық білдірмеді, керісінше, теңімізді тапқанға қатты қуанды. Арманымыз - үлгілі, үбірлі-шүбірлі жанұя болу", - дейді Ардақ Бекишев.


 




Көрілген: 237    Пікірлер: 0

жұма, 01.02.2019, 11:47

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Ақпан, 21:05
    Лашықтағы өмір

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28