Жас дикторлар додаға түсті

Жас дикторлар додаға түсті

Алматыдағы Оқушылар сарайында «Қазақ радиосының» 90 жылдық мерейтойына орай «Әуе толқынында – «Қазақ радиосы» атты жас дикторлардың байқауы өтті. Қалалық мектеп оқушылары арасындағы байқауда 15-17 аралығындағы жастар бақ сынасты.
Байқау «Қазақ радиосы» мен «Шалқар» ұлттық арнасының жемісті жұмысын жас толқынға насихаттап, олардың ішінде өз­ара шығармашылық бәсекелестік тудыруды мақсат тұтыпты. Шара барысында радио журналисі болуды армандаған жас­тарға шеберлік сыныбы өткізіліп, өз сала­сының кәсіби мамандарымен кездесулер ұйымдастырылды. Арнайы дайындап келген шығармаларын мәнерлеп оқып, сон­дай-ақ жедел сұхбат жасаған оқушы­лардың шеберліктерін сынаған қазылар алқасының құрамы «Қазақ радиосының» ардагерлерінен құралды. Жоба авторы, «Шалқар» ұлттық арнасының жүргізуші-редакторы Гүлбағыш Бостанның айтуынша, көркемсөз оқуға құмар оқушылардың бұл байқауы жыл сайын жалғасын табады. Қазақ радиосының қызметкері болуды армандайтын жастарға алдағы уақытта радио-репортаждар жасауға да мүмкіндік берілмек. Жастардың мәнерлеп оқуға деген шексіз ынта-ықыласы ұйымдастыру­шы­ларды осындай байлам жасатыпты. Бү­гін Оқушылар сарайында қорытынды концерт пен үздік шыққан дарынды жас­тарды марапаттау рәсімі өтеді.


Мақат САДЫҚ, «Қазақ радиосының» директоры:
– Қазақ мәдениетін дамытуда жас­тардың орны орасан. Тәуелсіз еліміздің қуаты жылдан-жылға еселеп артуда. Ұлтымыздың болашағы – тікелей жас­тарға байланысты. «Қазақ радиосы» Қазақстан шеңберінде ғана емес, бүкіл әлемге қанат жаяды деп сенемін. Мынадай үлкен шараны ұйымдастырып отырған Оқушылар сарайы мен «Қазақ радиосы» қызметкерлеріне алғыс айтамын. Іріктеуден сүрінбей өткен жас дик­торларға арнайы тарту-таралғы, сый-­сияпаттарымыз бен мақтау қа­ғаз­дарымыз бар. Бас жүлдені иемденген жеңімпаз Әнуарбек Байжанбай атын­дағы жүлде мен дипломды байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмаға­лиевтің өз қолынан алатын болады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста