Мәселе

Жас келіннің етегін көтеріп, отпен аластағандардың әрекеті елдің таңданысын тудырды (видео)

  • © instagram.com

    © instagram.com

Жас келіннің етегін көтеріп, отпен аластағандар көпшіліктің таңданысын тудырды. Желі қолданушыларының айтуынша, оқиға Маңғыстау өңірінде болған деп хабарлайды NUR.KZ.


Видеода жас келінді адыраспанның түтінінімен аластай бастаған. Босаға аттаған келіншектің бетін, белін отпен аластаған сәтте, тағы бір келін келіп, отқа қолын бұлғап, бетін сипайды. Ал жанында әйел оның етегін ашып аластаған.


Мұндай салтты бірінші рет көрген өзге өңірдің тұрғындары таңданысын жасыра алмады.


"Құдай сақтасын. Қанша жыл өмірімде мынадайды алғаш рет көріп тұрмын", "Отпен аластағанды көргенмін. Алайда етегін ашқанда көрмеппін", "Асыра сілтеп жіберіпті".


"Әдетте жас келінді отқа май тамызып кіргізеді ғой. Оның негізі мақсаты майдай сіңіп кетсін дейді", "Мен жаңа ғана не көрдім? Күнде бірнәрсе шығарасыңдар осы" деді оқырмандар.


 



Көрілген: 980    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 25.06.2018, 18:28

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31