Мәселе

Жасанды кірпік жабыстырған жігіттер елдің қызу талқысына түсті (фото)

  • Фото: limon.kg

    Фото: limon.kg

Қырғызстан жігіттерінің жасанды кірпік жабыстырған суреті елдің қызу талқысына түсті. Бішкектің сұлулық салонының бірі өздерінің қызметіне жүгінген жас жігіттердің фотосын жариялаған деп хабарлайды limon.kg сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.


Ал бұл суреттерді көрген желі қолданушыларының пікірі екіге жарылған. Олардың жартысы жігіттерді жерден алып, жерге салған.


Екінші топ жас жігіттердің бұл әрекетін батылдыққа балапты.


Жергілікті басылым сұлулық салонымен хабарласып, мәселенің анық-қанығын сұраған.


"Біздің салонда жас жігіттер жасанды кірпік жабыстырады. Алайда бұл қызметке жүгінетіндер көп емес. Жас жігіттер суреттерін желіге салуға қарсылық танытады. Олар көпшіліктің пікірінен қорқады. Тек екі жігіт қана суреттерін желідегі парақшамызға жүктеуге келісім берді.


 Фото: limon.kg


Ер азаматтардың көбісі табиғи эффект беретін кірпіктерді таңдайды. Сондықтан олардың кірпігінің жасанды екенін айналадағылар байқамай жатады", - деді аталмыш салонның жауапты маманы.




Көрілген: 413    Пікірлер: 0

сенбі, 05.01.2019, 14:55

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31