Жастардың экологиялық білімі қандай?

Жастардың экологиялық білімі қандай?

Бүгінгі Қазақстан «Жасыл экономика», «Жасыл ел» бағдарламаларын жүзеге асыру бағытында инновациялық жобаларды қолға алуда. Бұл ретте жоғары оқу орындары мен орта білім беретін мекемелерде де арнайы ғылыми-танымдық іс-шаралар ұйымдастырылып келеді.
Осы орайда Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінде экологиялық білім, ландшафты дизайн, көгалдандыру, жалпы өсімдік әлемі мәселелеріне арналған тәжірибелік семинар өтті. Семинар жұмысына оқу орнының «Орман, жер ресурстар және жеміс-көкөніс шаруашылығы» факультеті, Республикалық ғылыми-танымдық, көпшілік «Гүлстан» журналы, «Гүлзар» Қоғамдық бірлестігі мамандары, ғалымдар мен студенттер, Алматы, Қарағанды, Жамбыл облысының мектеп мұғалімдері мен оқушылары қатысты.
Ғылыми басқосу барысында «Экологиялық білім беруде танымдық бақтардың қажетілігі», «Ландшафтық дизайн және көгалдандыру - кәсіби бағдар тұрғысында», «Жасыл мектеп жобасы арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру жолдары», «Экологиялық бағытта жүргізілетін ғылыми жұмыстардың оқушыға әсері» тақырыбында презентациялар ұсынылып, баяндамалар жасалды.
Семинарға қатысушылар алдымен 85 жылдық тарихы бар Қазақ ұлттық аграрлық университеті мұражайын аралап, оқу ғимаратымен танысты. Жиынды ҚазҰАУ-дың Халықаралық байланыстар және интвестициялар жөніндегі проректоры, ауыл шаруашылығы ғылымының докторы, профессор Ысқақов Аюп Рашидұлы кіріспе сөзбен ашып, семинарға қатысушыларға ғылыми ізденістер жолында табысқа жетуін тілеп, ел экономикасын өркендетуде агробиологиялық ғылымның маңыздылығын айрықша атап өтті.
Семинардың модераторлары - ҚазҰАУ «Орман, жер ресурстар және жеміс- көкөніс шаруашылығы» факультетінің деканы, экономика ғылымының докторы, профессор Құрманкүл Абаева және «Гүлстан» журналының PR-менеджері, «Гүлзар» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Бәтима Қабдолданова сынды мамандар болды. Жиынның «Экологиялық білім беруде танымдық бақтардың қажетілігі» деген тақырыптағы негізгі баяндамасын республикалық ғылыми-танымдық көпшілік «Гүлстан» журналының бас редакторы, «Өсімдіктер әдемі» оқу-әдістемелік кешенінің авторы Гөзел Құлжабаева жасап, семинарға қатысушы жас ізденушілерге танымдық тұрғыда көптеген қажетті мағлұматтар мен тиімді кеңестер берді.
Қазіргі кезде еліміздегі экологиялық білімді жетілдіріп, көгалдандыру мәселесіне ерекше ден қойып жүрген «Гүлстан» журналын өсімдік әлеміне арналған тұңғыш қазақстантдық журнал деп бағалауға тұрарлық. Басылым басшысының айтуынша журнал басында қазақ және орыс тілінде жарық көрсе, бүгінде тек мемлекеттік тілде басылуда. Журналда түрлі өсімдіктердің төрт мезгілдегі күтімі, тәжірибелі гүл маманының кеңесі тартымды айдарлармен беріліп жүр. Басылымда ауланы қалай көгалдандыруға болады, мектеп ауласына қандай өсімдіктер еккен дұрыс, бөлме гүлдеріне қалай күтім жасау қажет т.б. мәселелер толыққанды жазылады. Бұл басылымның айырмашылығы – тек қана журнал шығарып қана қоймай, сонымен қатар көтерген мәселелерді іс жүзіне айналдырып, тәжірибе жүргізуінде. Соның нәтижесінде бүгінде «Гүлстан» гүл бағы жұмыс істейді. Бақта тұрақты түрде экскурсия өткізіліп тұрады. Эскурсияға балабақшаның бүлдіршіндерінен бастап білім саласының қызметкерлеріне дейін келеді. Онда экскурсиялармен қатар үгіт-насихат жұмыстары да жүргізіледі.
Бұл жолғы семинар да осы бағыттарды дамытудың бір шарасы ретінде Қазақ ұлттық аграрлық университетімен бірлесе өткізіліп отыр. Ұйымдастырушылардың пікірінше семинардың алға қойған мақсаты – әр шаңырақтың ауласын гүлдендіру арқылы бүкіл мемлекетіміздің гүлденіп-өркендеуіне үлес қосу болғандықтан, осы жолдағы игі шараларды бірлесіп атқару. Елімізде жаңа саябақтар ашылып, әрбір мектеп пен балабақша ауласы гүлдендіру. Жиын барысында табиғат-ананы аялап, жеріміздің өсімдік байлығын қорғап-дамытуға үгіттейтін басылым мен бірлестік мүшелері университет ғалымдарымен бірлесіп еліміздегі табиғи қорықтар, экологиялық проблемалар, қала, ауылдарды көгалдандыруға қатысты толғамды пікірлер мен тұжырымды ойларын ортаға салды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста