Мәселе

Жаяу жүргіншілерге 70 мың теңге айыппұл салынады: ІІМ өкілі хабарламаға қатысты пікір білдірді

  • © Tengrinews.kz

    © Tengrinews.kz

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетіндегілер жолдың рұқсат етілмеген жері арқылы жолдан өткендерге 70 мың теңге көлемінде айыппұл салу туралы WhatsApp желісіндегі хабарламаға қатысты пікір білдірді. ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің баспасөз хатшысы Ирина Лукьянина хабарламаның жалған екенін Facebook парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Хабарламадағы айыппұлдың көлеміне қатысты мәлімет жалған, қазір жолда жүру ережесін бұзған жаяу жүргіншілерге салынатын айыппұлдың көлемі 2 АЕК (4 810 теңге). Жаяу жүргіншілердің ережені бұзуына жол бермеуге қатысты айтатын болсақ, жол-патрульдік қызметінің мамандары мұндай жұмыстарды тұрақты түрде жүргізіп отырады", - деді ол.



Сонымен қатар, Ирина Лукьянина статистиканы ұсынды. Оның мәліметінше, 2018 жылдың басынан бастап 115 жаяу жүргінші жол-апатынан қаза тапқан, олар барлығында өздері кінәлі болған.


"Еліміздегі әрбір екінші жол-көлік оқиғасы - жаяу жүргіншіні қағып кету. Жыл басынан бері 540 жаяу жүргіншіні көлік қаққан, олардың барлығында өздері кінәлі және олардың арасында 115 адам көз жұмып, шамамен 450 адам түрлі жарақат алған. Жол апатында жаяу жүргіншілердің қайтыс болу оқиғасы көбінесе Алматыда тіркелді (+300 пайыз), одан кейін Қарағанды облысы (+133 пайыз) және Алматы облысы (+37 пайыз)", - деді баспасөз хатшысы.


Оның айтуынша, жаяу жүргіншілердің кесірінен болатын жол апатының басым бөлігінде адамдар жолдың рұқсат етілмеген жерінен және бағдаршамның қызыл түсі жанғанда жолдан өтеді.


"Ересектердің жолда жүру ережесін бұзуы жиі кездеседі және олардың қолында баласы барлар болады, олар кейін баласы өздігімен жолдан өткенде соны қайталайтынын ойламайды", - деді Ирина Лукьянина.


"Қазір жаңбырлы ауа райы мен көктайғаққа байланысты мұндай ереже бұзушылықтар өте қауіпті, автокөліктің тежеу жолы артады және жүргізушіде жол апатын болдырмауға мүмкіндігі болмайды, егер жаяу жүргінші жолдың рұқсат етілмеген жеріне жүгіріп шықса алдағы көліктің жақын кетіп бара жатуына немесе көліктің тұруына байланысты қағып кетуі мүмкін", - деп ескертті ол.




 




Көрілген: 663    Пікірлер: 0

бейсенбі, 18.10.2018, 16:00

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    18 Қараша, 11:42
    Ерекше құдалық (ВИДЕО)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30