Мәселе

Жазықсыз түрмеде отырған жігіт ақталып шықты

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Сот үш жыл бұрын пәтер ұрлығы бойынша заңсыз сотталып кеткен жігітті ақтап алды. Бұл туралы ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметінің басшысы Болат Кальянбеков айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Болат Кальянбековтың жазуынша, 2015 жылы Дастан Мырзақұлов пәтерді тонау және адамдар тобымен алдын ала сөз байласып ұрлық жасау қылмысы бойынша кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, үш жарым жылға бас бостандығынан айырылған. Алайда кассациялық сот Мырзақұловты әрекеттерінде қылмыстық құрамның болмауына байланысты ақтап алған.


«Кассация келесі негіздерге сүйеніп отыр. Нақтырақ айтқанда, сотқа дейінгі тергеу амалдары барысында Мызақұловқа психикалық және физикалық тұрғыда қысым көрсетілген. Екіншіден, тергеу органдарының материалдары мен айыптау құжатында, сот үкімінде куәгерлердің, жәбірленуші мен сотталушының жауаптарына келгенде айтарлықтай айырмашылық бары анықталған. Осылайша, Мырзақұловтың істі мойындағаны туралы жауабында қылмыс 2015 жылдың 17 наурызында үйдің екінші қабатында болғаны жазылады. Оның айтуынша, алтын бұйымдар мен ақшаны бір қораптан алып кеткен. Ал оқиға орнын тексеру кезіндегі хаттама мен ұрлықтың болғаны туралы арызда қылмыстың 2015 жылдың 16 наурызында 8 қабатта тіркелгені жазылады. Оған қоса жәбірленушінің түсініктемесіне сәйкес құнды заттар мен ақша әртүрлі түстегі әртүрлі сөмкелерде болған», - делінген хабарламада.


Мырзақұловтың жауабына сәйкес ол ақшаны теңге күйінде ұрлаған. Ал жәбірленуші тарап қаражаттың АҚШ доллары күйінде ұрлағанын жазып берген.


«Ұрлық жасалған жерден 11 адамның саусақ іздері анықталған. Олардың бәрі де сотталушының саусақ іздерімен сәйкес келмеген. Сонымен қатар, сотталушыға құқығы мен міндеттемелері туралы түсініктеме жұмыстары жүргізілмеген. Айыптау тек сот өндірісінің тілін білмеген бір адамның ғана жауабына сүйене салған. Ең қызығы, күдіктіні тану процесі барысында әлгі куәгерге тек бір адам ғана көрсетілген», - деп жазады Кальянбеков өзінің Фейсбук парақшасында.


Мырзақұлов қылмыстық істі жүргізіп отырған органдардың заңсыз әрекетінен өзіне келтірілген залалды өндіруге құқылы.


 




Көрілген: 550    Пікірлер: 0

жұма, 19.10.2018, 15:43

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    18 Қараша, 11:42
    Ерекше құдалық (ВИДЕО)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30