Мәселе

Жемқорлықпен күрес ортақ іске айналғанда ғана оң нәтижесін береді

  • Жемқорлықпен күрес ортақ іске айналғанда ғана оң нәтижесін береді

    Жемқорлықпен күрес ортақ іске айналғанда ғана оң нәтижесін береді

Қазақстан халқы жаңа заманға лайық ұлтқа айналу үшін алдына биік мақсаттар қойды. Елбасы Н.Назарбаевтың « Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы тарихи өрлеу» деген атауға ие биылғы Жолдауы Осы биік мақсаттарға жету жолындағы алғышарттар. Қазақ біртұтас, ауызбірлігі жарасқан, заңын сыйлайтын, дамыған елдер қатарына қосылу үшін терең білім алып, батыл қадамдар жасау қажеттігін сезінді. Енді біздің мемлекет тек қана білім мен ғылымын негізге ала отырып, жаңа заманауи құндылықтарды меңгерген ұлтқа айналуды мақсат етуде. Ақылды қалалалар мен озық технологиялардың иесі болуға ұмтылу елін жерін сыйлайтын кез келген жастың кеудесіндегі арманын үкіледі. Бұдан былайғы жерде қазақстандықтар тек қана өсу өркендеу жолына бет алатын болады.

Президент көрсеткен он басымдық тек қана осындай ұлы мұраттардың жүзеге асуына қызмет етпек. Ол он басымдықтың ішінде әрине, жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі ерекше орынға ие. Ендігі таңда қазақстандықтар жемқорлықпен күресті жемқорлық орын алғаннан кейін емес, ол індетпен алдын ала күресу жұмыстарын қолға алады. Жемқорлық ежелден келе жатқан індет. Оның зауалы, өкінішке қарай кез келген салада көрніс табуда. Алайда, бұл құзырлы органдардың қарекетсіз отырғанын көрсетпесе керек.

Елбасы өзінің биылғы жылғы жолдауында : « Соңғы 3 жылда ғана жоғары лауазымды шенеуніктер мен мемлекеттік компаниялардың басшыларын қоса алғанда, жемқорлық үшін 2,5 мыңнан астам адам сотталды. Осы уақыт ішінде олардың 17 миллиард теңге көлемінде келтірген залалы өтелді. Мемлекеттік органдардағы процестерді, соның ішінде олардың халықпен және бизнеспен қарым-қатынасын цифрландыру маңызды болып саналады. Атап айтқанда, азаматтар өз өтініштерінің қалай қарастырылып жатқанын көріп, дер кезінде сапалы жауап алуға тиіс. Сот және құқық қорғау жүйелерін институционалды тұрғыдан өзгерту жүзеге асырылуда. Заңнамаға қылмыстық процестегі азаматтардың құқықтарын қорғау ісін күшейтуді, оның әсіре қатаңдығын бәсеңдетуді көздейтін нормалар енгізілді»-деді. Яғни, жемқорлықпен күрес күн өткен сайын өзінің формасы мен сипатын өзгертуде. Ендігі таңда барлық саладағы бұл індет құзырлы органдардың тиімді іс-қимыл мен тапқыр шешімдерінің арқасында азаятын болады. Бүгінгі таңдағы шенді азаматтардың осы мәселемен заң алдында жауапқа тартылуы да күрестің батыл да ашық жүргізіліп жатқанын көрсетуде. Ендігі таңда Елбасының айтуынша: «Адвокаттардың құқықтары мен сотқа дейінгі сатыдағы сот бақылауының аясы кеңейді. Құқық қорғау органдарының өкілеттігі мен жауапкершілік шегі айқындалды. Азаматтардың конституциялық құқықтарына кепілдікті нығайту, құқық үстемдігін қамтамасыз ету, құқық қорғау қызметін ізгілендіру жұмыстарын жалғастыру қажет. Қоғамдық тәртіпті сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында көшелерде және адам көп жиналатын қоғамдық орындарда бейнебақылау жүргізетін, азаматтарды анықтайтын және жол қозғалысын қадағалайтын интеллектуалды жүйелерді белсенді түрде енгізу керек».

Жаһандануға ұмтылған ел заңдық тұрғыда да сауатты ұлтқа айналады. Ендеше, Президент Н.Назарбаевтың жүктемесі кез келгеніміз үшін маңызды. Мемлекет бәрімізге ортақ. Бұл тұрғыда, салауатты да тәртіпті ұлтқа айналу осындай алғышарттардың арқасында жүзеге асады.

Э. АСУБАЕВА, Панфилов аудандық сотының судьясы,

Алматы облысы


 




Көрілген: 667    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 21.02.2018, 20:37

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30