Жігіттер "дұрыс қыз жоқ" десе, қыздар "жөні түзу жігіт жоқ" дейді

Жігіттер "дұрыс қыз жоқ" десе, қыздар "жөні түзу жігіт жоқ" дейді

Бүгінгі күнгі ерлі-зайыптылардың ажырасу статистикасы адам шошырлық деңгейге жетті. Ресми деректерге қарағанда, қалалық жерлерде ажырасу көрсеткіші некелесу көрсеткішінің жартысына тең болса, ауылды жерлерде үштен біріне тең көрінеді. Алайда, бұл мәселеге мемлекет те, қоғам да тиісті дәрежеде көңіл бөліп отырған жоқ сияқты. Әрине, бірлі-екілі шара атқарылып жатыр. Алайда олар тиісті деңгейде емес. Біз бұл мәселені бір отбасының ажырасуы деп қана қабылдап отырмыз. Алайда, аталмыш мәселенің бірқатар әлеуметтік мәселеге ұласатынына аса мән бермей келеміз.

Ажырасудан туындайтын әлеуметтік мәселелер

1. Ажырасудан туындайтын бірінші мәселе қоғамда жалғыз басты аналардың көбеюі. Ал жалғызбасты аналардың көбі мемлекеттік қолдауға зәру. Олардың басты мәселесі-баспана. Олар мемлекеттік бағдарламамен берілетін баспанаға да қол жеткізе алмайды. Өйткені олардың жан басына шаққандағы отбасылық табысы жетпейді. Ал банк ондай азаматтарға несие беруден бас тартады.
2. Тастанды балалар қатарының өсуі. Кей жағдайда күйеуімен ажырасқан соң тығырықтан шығудан жол таппаған жас қыздар сәбилерін балалар үйіне тапсыруға мәжбір болады. Бірі уақытша тапсырса, енді бірі перзентханада-ақ біржолата баладан бас тартады.
3. Жасанды түсік жасатушылар қатарының артуы. Өкінішке орай кей қыздарымыз ажырасқан соң күйеуіне ерегісіп, не болмаса басқа да себептермен жасанды түсік жасатады. Ал мұндай жағдай жас ананың болашағына балта шабуы мүмкін. Себебі, дәрігерлер жасанды түсік жасатқаннан кейін қыздардың бедеулікке ұрынып жататынын айтады.
4. Толық емес отбасында тәрбиеленген балалардың проблемасы. Писхолог мамандардың айтуына қарағанда, толық емес отбасында өскен бала бейсаналы түрде ажырасуға бейім болады екен. Яғни, олар келешекте ажырасу проблемасын жалғастырушылар боады.
5. Алимент мәселесі. Ажырасқан отбасылардың ең бір даулы проблемасы-алимент. Қазіргі таңда алимент төлеуден қашып жүрген борышкерлер жетіп-артылады. Базбір деректерге қарағанда, бүгінгі таңда осы мәселеге қатысты сот орындаушыларында 200 мыңға жуық атқару құжаты орындалуда көрінеді. Бұл мәселенің ушыққаны соншалық, заңға борышкерлік қарызы 1000 АЕК-ден асқандарды бас бостандығынан айыру жазасы да енгізілді. Десе де бұл мәселе күрделі күйінде қалып отыр.
6. Демографияға кері әсері. Жер көлемі үлкен болғандықтан халық саны да соған орай болуы тиіс. Сондай-ақ елдің эконмикасы қарыштап даму үшін адам саны аса маңызды. Сондықтан демография мемлекеттік саясаттың бір бөлігі болып табылады. Ал, ажырасудың демографияға кері әсері болатыны айтпаса да түсінікті. Яғни, ажырасу елдің саясатына да, экономикасына да, демографиясына да кері әсер етіп отыр.

Ажырасудың себептері
Әрине, әжырасудың себебі әртүрлі және көп. Десе де, мамандар ажырасудың бірнеше басты себептерін айтады.

1. Жастардың сезімге жеңіл қарауы. Расымен де, бұл шындық. Осыдан отыз жыл бұрын жігіт қыздың келісімін алу үшін айлап, жылдап жүрсе, бүгінгі жастар арасында апталап жүретіндердің өзі аз. Бүгінгі жастар бір көргеннен ғашық болғыш. Сезімдерінің сөнуі де, солай, тез. Бір кеште біреуге сүйдім-күйдім дейді де, келесі бір кеште екінші біреуге дәл солай сезімін білдіреді. Ондай жастардың түйсігінде тұрақсыздық, жауапсыздық қалыптасады. Ертең отбасы құрғанда да, бірдеңе ұнамай қалса, қолды бір сілтеп жүре береді.
2. Жігіттер мен қыздардың бір-бірі туралы жаман ойлауы. Қазір жасы 25-тен асқан жігіттерден «неге үйленбей жүрсің» деп сұрай қалсаң, «дұрыс қыз жоқ» деген жауап аласың. Ал қыздар «жібі түзу жігіт жоқ» дейді. Яғни қазіргі қыз-жігіттеріміз бір-бірі туралы дұрыс ойламайды. Ол ой мидың бір түкпіріне орналасып алады. Ал жаман ой қашан да жамандыққа жетелейді. Отбасы құрған соң жастар арасында реніш туса (ыдыс-аяқ сылдырламайтын отбасы болмайтынын ескерсек, келіспеушіліктің болары анық) мидың түкпірінде жатқан жаман деген ой атып шығады.
3. Азаматтық некенің кері әсері. Менталитетімізге жат, батыстық «азаматтық неке» деген індет қазақ жастарын да дегеніне көндірген. «Бір-бірімізді жақын таниық, жан-жақты сәйкестігімізді анықтайық» деген алдамшы оймен азаматтық некемен тұратындар қатары күн санап артып келеді. Екі-үш айы анамен, үш-төрт ай мынамен, үшінші біреумен бес-алты ай тұрып, көңіліміз жараспады деп жүре беру үйреншікті жағдайға айналып барады. Ешқандай жауапкершілік жоқ. Мұндай тіршілік кешкен жастар заңды некеге тұрғаннан соң да сол жауапсыздықты жалғастыруы мүмкін.
4. Әлеуметтік проблемалар. Ажырасу көрсеткішінің артуында әлеуметтік мәселелердің де үлесі бар. Басты проблеманың бірі-баспана. Тапқаны жалдамалы пәтер мен ішіп-жеуден артпайтын жас отбасыларда ұрыс-керіс жиі болады.
5. Тәрбие. Қазір тәрбиенің өзге рең алғаны рас. Біз қазір өз баламыздың кемшілігін көрмейтін болдық. Баламыздың әрекеті бұрыс болса да, дұрыс деп дәлелдеуге тырысамыз. Айыпты тек өзгеден іздейтін болдық. Тапқанымызды баланың алдына тартамыз. Өзімізге 5 мың теңгені қимай тұра, ақшамыз болмаса, баламызға несиеге болса да, 120 мыңға айфон әпереміз. Айтқанын істейміз. Сөйтіп балады менің айтқаным болу керек деген сана қалыптастырамыз. «Менікі дұрыс, менің айтқаным болу керек» дегеннің қайда апарары белгілі. Сонан соң, шаңырақ көтерген жастардың өміріне араласатын ата-аналар да баршылық. Өкінішке қарай, тұрмысқа шыққан қыздарына «сен одан кем емессің, ол «ә» десе сен «мә» де» деп ақыл айтатын аналар да бар. Ұрысып қалғанын есіте сала, сабырға шақырудың орнынан, «ішке сиған балам сыртыма да сияды, қайтып кел» деушілер де көбейді. Әрине, әрбір ата-ана үшін өз баласынан дана бала жоқ. Бірақ....

Түйін
Мемлекет ең басты байлық-адам екенін ескеріп, отбасы институттарын дамытуға күш салуы қажет.
Ажырасудың салдарымен емес, себептерімен күрескен абзал.
Қоғам бұл мәселеден сырт қалмауы тиіс.
Жастар сезімге аса жауапкершілікпен қарап, өз-өзіне деген талапты қатаңдатуы қажет.
Ата-аналар (менің баламдыкі дұрыс демей) біржақтылы тәрбиеден арылу керек.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста