Мәселе

Жоғарғы Сот: Мемлекеттік туды терезеге ілген азаматтың әрекетінде заң бұзушылық жоқ

  • © sud.gov.kz

    © sud.gov.kz

Өткен жылдың қазан айының соңында Қызылордадағы Ішкі істер басқармасының учаскелік инспекторы қала тұрғыны Сұлтан Тұмашиновқа тиесілі пәтердің терезесінде ілініп тұрған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көріп, осы азаматқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырған.


Қызылорда қалалық ІІБ жергілікті полиция қызметі бастығының Қаулысына сәйкес С.Тұмашиновқа Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің (ӘҚБтК) 458-бабының 1-бөлігін бойынша яғни Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын заңсыз қолданғаны үшін 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынған.


Әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы қаулымен келіспеген С.Тұмашинов сотқа шағымданған. Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік соты шағымды қанағаттандырусыз қалдырғандықтан, С.Тұмашинов Бас прокуратураға жүгінген.


Өз кезегінде Бас прокуратура Жоғарғы Сотқа кассациялық наразылық жолдады. Наразылықта Мемлекеттік туды тұрғын үйге іліп қою заңға қайшы емес және іс материалдарында С.Тұмашиновтың мемлекеттік нышанды ұлттық стандарт талаптарын бұза отырып қолданғаны туралы деректер жоқ делінген.


Тудың матасына тиісті сараптама жүргізілмеген, стандарттау және метрология қызметінің қорытындысы жоқ.


Жоғарғы Соттың мамандандырылған сот алқасы кассациялық наразылық бойынша келіп түскен осы әкімшілік істі қарай келе, С.Тұмашиновтың әрекетінен ӘҚБтК-нің 458-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық құрамының белгілерін таппады.


Осыған орай Қызылорда қаласы ІІБ жергілікті полиция қызметінің 2017 жылғы 29 қазандағы және Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының 2017 жылғы 21 қарашадағы қаулыларының күші жойылып, іс жүргізу тоқтатылды. Жоғарғы Сот Мемлекеттік нышандар мен символдарды азаматтардың қолдануы туралы тиісті қағиданы әзірлеу қажеттігі туралы Үкіметке хат жолдады. ҚР Жоғарғы


 


 ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі


sud.gov.kz




Көрілген: 603    Пікірлер: 0

бейсенбі, 08.02.2018, 17:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30