Мәселе

Жоғарғы сот өз-өзін өртемек болған әйелге қатысты мәлімет берді

  • © КТК

    © КТК

Қазақстанның Жоғарғы сотының баспасөз хатшысы Болат Кальянбеков Facebook желісіндегі парақшасында ғимарат алдында өз-өзін өртемек болған әйел туралы жазды.


"Кеше 29 қаңтарда шамамен 15.45 кезінде Жоғарғы сот ғимараты алдында Жақсыгүл Букенова ағасына қатысты сот үкімімен келіспейтінін білдіріп, өз-өзін өртемек болды. Қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық әскери сотының 2018 жылғы 25 қаңтардағы үкіміне сәйкес Астана қаласында келісім бойынша аға сержант қызметін атқарған Қуаныш Букенов ҚР ҚК 121-бабы 3-тармағы 3-пункті бойынша (кәмелеттік жасқа толмаған балаға сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық көрсету) айыпты деп танылып, 10 жылға сотталған", — деп жазады баспасөз хатшысы.


Оның мәліметінше, бұл оқиғаға дейін сол күні сағат 9.00-да Ж. Букенова Жоғарғы сот төрағасымен кездесуді талап еткен. Жоғарғы сот өкілі әйел адаммен кездесіп, 1,5 сағаттай сөйлесіпті. Әңгіме барысында оны мұқият тыңдап, үкімнің заңды күшіне әлі енбегенін түсіндірген. Заңға сәйкес, ол іс аппеляциядан өтпейінше, Жоғарғы сот қарай алмайды. Әрі Жоғарғы сот төрағасымен кездесіп, аппеляция туралы сұрай алатынын да айтқан.


"Жоғарғы сот ғимаратынан шыққан Ж. Букенова біраздан соң қайтып келіп, өз-өзін өртемек болды. Бірақ полиция қызметкерлері оны тоқтатты. Ж. Букенова зардап шеккен жоқ", — деп атап өтті Кальянбеков.


Оның айтуынша, заңға сәйкес сексуалды сипаттағы істер (ҚР ҚПК 29-бабы) жабық режимде қаралады, сол себепті ол іске қатысты сот ешқандай мәлімет бере алмайды. Ж. Букенованың барлық айғақтарын апелляциялық инстанция қарастыратын болады.


Sputnik


 


 




Көрілген: 458    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сейсенбі, 30.01.2018, 14:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28