Мәселе

Жолда жатқан әмияннан сақ болыңыз!

  • © proamulety.ru

    © proamulety.ru

90-жылдары белең алған алаяқтықтың мұндай айла-тәсілі қайта жанданып келеді.Ұрылардың құрығына ілігіп, сан соққан зардап шегушілер де полицияға арыздарын арқалап келіп жатыр.


Жоспарланған сценариймен арам пиғылдарын жүзеге асырғандарды құрықтау әзірге мүмкін болмай тұр. Құзырлы орын халықты абай болыңдар деп кеңес берумен шектелді.


-Жолда кетіп бара жатып, сіз бір бума ақша немесе әмиан тауып алдыңыз делік. Дәл сол сәтте жаныңызға белгісіз бір адам келіп, олжаны теңдей бөлісейік деп сөзге тартады. Сақ болыңыз! Бұл алаяқтардың арам пиғылы болуы мүмкін. Себебі, кәнігі ұрылар қалтаңыздағы бар ақшаңызды қағып әкетеді. 90-жылдары белең алған мұндай алдап-арбаулар бүгінгі күні елімізде қайтадан жанданып келеді.


Жақында алаяқтардың дәл осындай құрығына Айнұр Құдайбергенова ілікті. Қаланың қақ ортасындағы ақша айырбастау пунктінен алаңсыз шыққан Айнұр әккі ұрылардың «көшеге ақша тастау» сценарийіне тап болып, әмианындағы бар ақшасынан қағылды. Ең бастысы ақша емес, жан амандығы деген 33 жастағы әйел алаяқтардың ептіліктеріне таңдай қағып отыр.


Айнұр ҚҰДАЙБЕРГЕНОВА жәбірленуші:


-Мен қолымнан ұстап, көзімен қарады. Мен көзіне қарағаннан бастап есімді білмеймін. Сөзбен жеткізу мүмкін емес. Есімді жисам арада бес минут өтіпті. Мына кісілер актерлар. Алаяқтар деп ойламайсың. Мен оларға сеніп қалдым.


Психологтар алаяқтардың көбісі тез әрекет етіп, сізді ойландыруға уақыт қалдырмау арқылы құйтырқы әрекеттерін оңай іске асыратынын айтады. Ал, жылдам шешім қабылдаған зардап шегуші жылпостың айтқанын қалай істегенін сезбей де қалады екен.


Жібек ЖОЛДАСОВА психолог:


-Алаяқтардың арбауына кез келген адам түсіп қалуы мүмкін. Себебі, олар таза әрі әдемі киінеді. Барынша сенім тудыруға тырысады. Және де «тез шешім қабылда, әйтпесе, үлгермейсің» деп асықтырады. Адамдар оған көнбеуге тырысу керек. Олар гипноз жасамайды. Тек сіздің жаныңызға жақын тақырыпты айтып, тамырыңыздан басу арқылы сізді алдайды.


Полицейлер болса алаяқтықтың осынау түрі он жылдан астам уақыт тіркелмеген-ді дейді. Бүгінде халықты жерде жатқан оңай олжаға қызықпауға шақырады. Себебі, ұрылар ұмытылған айла-тәсілді жаңғыртып, халықты қақпандарына түсіруді қайта бастаған.


Салтанат ӘЗІРБЕК ІІД ресми өкілі:


-Алаяқтықтың бұл түрі 2000 жылдардың басы мен 90-жылдардың соңында өте өзекті болған. Соңғы он жылда мұндай қылмыс тіркелмеген. Яғни, қылмыскерлер де қолдарын сермеп отырған жоқ деген сөз. Олар өз айла-тәсілдерін іске асыруды қайта бастады.


Тәртіп сақшылары алдаудың бұл тәсілі әсіресе, келімсектердің қолымен жасалатындығын айтады. Сол себепті. ізін суытпай оларды құрықтау қиындық туындыруда.


ktk.kz


 




Көрілген: 1173    Пікірлер: 0

жұма, 18.05.2018, 10:14

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31