Мәселе

«Жұбайым мені ұрып, қинап келді»: Оралда жоғалып кеткен үш баланың анасы үйден өзі кетіп қалған (ВИДЕО)

  • © «Мой ГОРОД»

    © «Мой ГОРОД»

Полицейлер 13 қыркүйекте Оралда жоғалып кеткен 38 жастағы үш баланың анасы Иралия Камышеваны тапты деп жазады «Мой ГОРОД».


«Әйелді іздестіру жұмысымен облыстық Ішкі істер департаменті және қалалық Ішкі істер басқармасы айналысты. Ол Ақжайық ауданындағы шалғайда орналасқан шопандардың мекенінде болған. Әйел 8 қазанда табылды. Ол үйінен өз қалауымен кетіп қалған. Өзін іздестіріп жатқанын полицей қызметкерлерінен білген», – деп хабарлады қалалық ІІБ-ның орынбасары Нұрлан Бисенов.


«Жұбайым екеуміздің қарым-қатынасымыз дұрыс емес. Ол мені жылдар бойы ұрып келді. Құлдықта болдым десе де болады. Мені жұмысқа жібермейтін. Арыз жазуға қорықтым. Өйткені үйден қуып жіберуші еді. Ал балалармен баратын жерім жоқ. Соңғы ұрғанында ол мені өлтіре жаздаған, бетімді пышақпен тіліп жіберді. Балаларым маған ақша берді, сөйтіп мен үйден кетіп қалдым», - дейді әйел.


Иралия Камышеваның айтуынша, ол осыған дейін үйінен бірнеше мәрте кеткен. Бірақ кейбір себептерге байланысты қайтып оралған.


«Бұл жолы ауданға кетіп қалдым, жұмысқа орналастым. Ақша жинап балаларымды өзіммен алып кетемін деп жоспарлаған едім. Балаларымды ешқайда тастап кетпеймін. Мені іздестіріп жатқанын білмедім. Ол мені өзі қуып жіберді. Мені іздеп қайтеді?», – дейді әйел.


Ол осы уақыт бойы үлкен қызымен хабарласпақшы болған, алайда еш мүмкіндігі болмапты. Ал күйеуі Дмитрийдің айтуынша, әйелі спирттік ішімдік ішеді. Сондай-ақ, ұзақ уақытқа үйден кетіп қалатын әдеті де бар екен.


«Бұрын екі жыл бойы алкоголь ішпеген, себебі мен оны қадағалап отырдым. Оның нервті-алкогольдік синдромы бар. Өзінің дертін мойындамайды, кез келген нәрсені айта салатыны бар. Бастысы осыған өзі сенеді. Бұл жолы оны міндетті түрде айықтырамыз. Ол емге мұқтаж. Кеше Ішкі істер басқармасынан алып кеткім келген, бірақ рұқсат бермеді. Балалар ауырып жүр. Ортанғы қызымыздың бассүйек ішіндегі қысымы бар. Барлығының жүйкесі сыр беріп жүр. Естуімше ол маған тағы арыз жазыпты, ұрған екенмін. Бұл өтірік. Оның сөзін көршім де растапты. Оны сотқа беремін», – деді күйеуі Дмитрий.


 


sn.kz




Көрілген: 943    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 10.10.2018, 12:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Желтоқсан, 14:05
    Бұл не масқара! (видео)
    18 Қараша, 11:42
    Ерекше құдалық (ВИДЕО)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31