Мәселе

Жүкті боп қалған 16 жасар қыз басынан өткен оқиғасын айтты

  • © omskzdes.ru

    © omskzdes.ru

Аяғы ауыр екенін жүктіліктің сегізінші айында бір-ақ білген 16 жастағы жасөспірім қыз басынан өткен оқиғасын «Хабар» арнасының «Давайте говорить» бағдарламасында баяндап берді, деп хабарлайды Stan.kz.


Нағима есімді қыздың айтуынша, мектепке қарындасын әкеп жүрген 25 жасар жігіттің өзіне көзі түсіп, араларында қарым-қатынас орнаған. Тоғызыншы сынып бітіріп колледжге оқуға түскен қыз өзінің жүкті екенін босануға жақын қалған шағында білген.


«Мен жүкті екенімді сезбедім. Тек тамақты көп жегеннен толған шығармын деп ойладым. Көлік жуатын жерде жұмыс істеп жүрдім. Қасымдағы құрбыларым да, анам да қатты толып кеттің деп ескерту жасап жүрді. Бір күні құрбым жүктілікке тест жасап көруді ұсынды, аяғым ауыр екені расталған соң УДЗ-ға түскенде жүктіліктің сегізінші айында екенін білдім», – дейді Нағима.


Алайда балалы болатынын естіген жігіт жауапкершіліктен бас тартып, әуелі қызға өзіне ендігі хабарласпауын өтініп, үйленіп те үлгергенін айтқан.


«Баланың әкесіне хабарластым, оның тұтқаны көтергеніне қуандым. Ол маған «бала менікі емес, маған ендігі хабарласпа, жақын арада өзім үйлендім, әйелімнің де аяғы ауыр» деп айтты. Ішімдегі баламның әкесі солай айтқандықтан мен қызымды жек көріп, туғанда одан бас тартамын деп шешкен болатынмын», – дейді жылаған қыз.


Жағдайын анасына айтқан бойжеткен қолдау көрмей, ауруханада жатып тек баласынан құтылу жолын іздеген. Тіпті оны туғанда қолына да алмағанын айтады.


«Қызымды қолыма алмастан одан бас тарту құжатына қол қоймақ болғанымда қасымдағы келіншектер мен медбикелер райымнан қайтармақ болды. Қасымдағы бір қыз «осы баладан кейін Құдайдың қаһарына ұшырап басқасын таба алмай қалуың мүмкін» деді. Бірақ мен ешкімді тыңдағым келмей менің өміріме араласпауларын сұрадым. Кейін «Аналар үйінің» өкілдерін шақыртып, солармен сөйлескеннен кейін ғана ойландым», – дейді Нағима.


Жастайынан өмірдің азабын көрген жас қыздың баласы қазір бір жастан асқан екен. Әлі күнге дейін «Аналар үйін» паналап отыр. Сол орталықтың қолдауымен аспазшы мамандығы бойынша оқу оқып, қараша айында қолына сертификат алады. Анасымен татуласқан. Орталықтан шыққаннан кейін анасымен бірге тұратынын айтады. 


365info.kz




Көрілген: 863    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 22.10.2018, 11:55

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    18 Қараша, 11:42
    Ерекше құдалық (ВИДЕО)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30