Жұлдызға қараймыз, оларды санаймыз...

Жұлдызға қараймыз, оларды санаймыз...

Қазақ халқы ежелден-ақ аспан әлемінің құпиясын жақсы білген. Ен далада көшпелі тіршілік етіп, жазда жайлауда, қыста қыстауда жүргенімен, зеңгір көктің тылсымына терең бойлап, сол арқылы күнделікті тіршілігінде әрекет жасады. Қазіргідей сан алуан мықты техниканың жоқ заманында мұндай сырларды терең зерттеген қазақтың қабілетіне еріксізден таңғалуға тура келеді. Қашаннан да төрт түліктің бабын жасай білген халқымыз оларды әрдайым қоңды ұстау үшін табиғат әлемінің тосын құбылыстарына әрдайым дайын болып отырған. Сол арқылы алдын ала тіршілік жасап, қорадағы түлікті ешбір шығынсыз аман ұстады. Бүгінгі таңда ата-бабалардың сондай іс-амалы арқылы қаншама ғасырлар бойы әрекет етіп келген қазақ халқы осылайша өмір сүрді. Қазақта жұлдызшылық деген бар. Бұл қасиет бұрынғыдай болмаса да, бүгінгі күнге дейін жетті. Қазір де оны үйреніп, сол арқылы табиғатқа қатысты өз жорамалын жасап жүрген адамдар бар. Елімізге белгілі жұлдызшы Назарбек Қожамсейітов сол бір құпияның сырына тереңірек үңіліп жүрген азаматтың бірі саналады.
Жалпы, жұлдызшы дегеніңіз ерте кезден бері бар. Ежелгі дәуір мен орта ғасырларда аспан денелерінің қозғалысын бақылап, ол жайында өз тұжырымын жасаған адамды жұлдызшы деп атаған. Мәселен, мұндай адамдар Ежелгі Мысырда (Египет), Вавилонда, Үндістанда, Грекияда көбірек кездескен. Олар аспан құбылысын зерттеп, күнтізбе есебін жүргізді. Бір қызығы, бұл орайда шығыстағы жұлдызшы адамдардың белсенділігі ерекше байқалған. Бірқатар дерек көздеріне сүйенсек, орта ғасырда араб елдері мен Орта Азияның жұлдызшылары астрономияның кейбір заңдылығын ашқаны жөнінде айтылып жатады. Біздің арғы тегіміз – ежелгі түркі тайпаларында жұлдызшылар болған. Әріге бармай-ақ қоялық, қазақ тілінде Жетіқарақшы, Үркер, Темірқазық, Босаға, Таразы көптеген жұлдыз атаулары бар. Олар бізге ежелгі түркілер дәуірінен жеткен. Жұлдызшылар жыл мезгілдерін, мал төлдету, бие байлау, күзем алу, жайлауға, күзеуге, қыстауға көшу мерзімдері секілді жайларды көпшілікке жариялап отырған. Соңғы жылдары археологтар Орталық Қазақстандағы Жанғабыл өзенінің бойынан 8 – 10 ғасырларда жерленген жұлдызшының зиратын тапты. Онда қабірге мәйітпен бірге жұлдызтас, метеорит салынған. Зират үстіне оба үйіліп, жанына граниттен шабылған тас мүсін қойылған. Бұдан жұлдызшылардың көшпелілер өмірінде елеулі рөл атқарғандығын аңғарамыз. Олардың кейбіреуі астрологиямен де айналысқан. Дәстүрлі қазақ қоғамының астрологтары “Нұждұм”, “Талиғынама” деп аталған араб және парсы тілдеріндегі бал ашу кітапшаларын пайдаланған.
Біздің қазақ халқы табиғат тылсымына терең үңілді. Кез келген құбылысты назардан тыс қалдырған жоқ. Тіпті құстардың төмен-жоғары ұшқанына қарап-ақ күні ертең қандай ауа райы болатынын болжап білді. Сондай-ақ жұлдыздардың орналасуы бойынша өздерінің тіршіліктерін қамдай алды. Мәселен, түнде жолға шыққан адам Темірқазықты бетке алып жүретін. Сол арқылы баратын жеріне адаспай жетті. Оған Жетіқарақшы, Шолпан жұлдыздары да күнделікті тіршілікте өз пайдасына жарайтын. Қысқасы, қазақтың аспан әлемін зерттеуінің өзінде көптеген құпиялар бар секілді. Қазіргідей техника дамыған кезеңде олардың бәрі бізге таңсық емес шығар. Алайда ондай дүниелерді өңі түгіл, түсінде көрмейтін ата-бабаларымыздың сол қасиеттеріне қазір еріксізден таңғалып отырған жайымыз бар.
Ғалымдардың айтуынша, жұлдыз өте күшті қызған газдан (плазмадан) тұрады. Өзінен жарық шығарады. Табиғаты жағынан Күнге ұқсас аспан денелері саналады. Күн Жерге жақын. Сондықтан үлкен болып көрінеді. Күннен Жерге дейінгі аралықты жарық 81/3 мин, ал ең жақын Центаврдағы жұлдызына дейінгі аралықты 4 жыл 3 айда жүріп өтеді. Жұлдыздар Жерден өте қашық орналасқан. Сол себепті телескоппен қарағанның өзінде нүктедей ғана болып көрінеді. Айсыз түнде жай көзбен қарағанда 5 мыңға жуық жұлдызды, ал күшті телескоп арқылы миллиардқа жуық жұлдызды көруге болады. Ерте заманның өзінде-ақ адамдар жұлдызды аспанды шоқжұлдыздарға бөлген. Қазіргі кезде 88 шоқжұлдыз бар. Көп уақытқа дейін жұлдыздар орнынан қозғалмайды деп есептелген. Аристотель заманынан бастап көптеген ғасырлар бойы жұлдызды аспан мәңгілік және өзгермейтін хрусталь сфера тәрізді, оның сыртында құдайлар өмір сүреді деп жорамал жасалды. XVI ғасырдың соңында Джордано Бруно жұлдыздар Күн сияқты аспан денелері деген пікірін көлденең тартты. Алғаш рет 1596 жылы неміс астрономы Йоханнес Фабрициус айнымалы, ал 1650 жылы итальяндық ғалым Джованни Риччоли қос айнымалы жұлдыз деген ұғымдарды ғылымға енгізді.
Құрамына Күн енетін біздің галактика 100 миллиард жұлдызды қамтиды. Галактикаларды зерттеу нәтижесінде жұлдыздардың жұлдыздар шоғырларына, қауымдастықтарына және өзге де түзілімдерге топталатындығы анықталды. Жұлдыздар бірін-бірі толықтыратын екі бағытта зерттеледі. Жұлдыз астрономиясы жұлдыздардың қозғалысын, олардың галактика мен шоғырлардағы таралуын, әртүрлі статистикалық заңдылықтарын қарастырады. Айналу жылдамдығын анықтауға болады.
Жұлдыз энергиясының негізгі көзі – термоядролық реакциялар. Мұнда жеңіл ядролардан неғұрлым ауыр ядролар пайда болады. Көп жағдайда сутек гелийге айналады. Жұлдыздардың табиғаты мен құрылысы дүниежүзінің көптеген обсерваториялары мен астрономиялық мекемелерінде, ал Қазақстанда Астрофизика институтында зерттеледі.
Ерте замандарда жұлдызшылар осындай талай құпияның кілтін ұстай білді. Олардың қатарында біздің ата-бабаларымыз да болып, көптеген құбылыстарға тереңірек үңіле білді.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста