Мәселе

"Жүйкем тозып бітті": Лифтіде қайтыс болған журналистің анасы жанайқайын жеткізді

  • Марқұмның анасы Айша Төлемісова күйеу баласымен

    Марқұмның анасы Айша Төлемісова күйеу баласымен

Ақтөбеде лифттіде жаншылып қалған танымал журналист Айзат Әбдісаматтың анасы жанайқайын айтты. Марқұмның анасы соттың созылып кеткенінен шаршаған деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.


"Мен әр сотқа келген сайын жүйкем тозып бітті. Алты рет сотқа шақырған екен. Оның екеуінде ғана іс қаралды. Қалған кездерде әртүрлі жағдайлармен кейінге шегеріліп отырды. Шыны керек, қызымның артынан өзім өлуге келдім. "Артынан қалған үш жасар қызды жеткізу үшін өмір сүруім керек" деп өзімді қайрап жүрмін.


Күйеу балам 30 жастағы жас жігіт. Келіншегінің жылын бергеннен кейін үйленуге рұқсатымды беріп отырмын. Жиен немерем өгейлік көрмеу үшін өмір сүруім керек. Соттың созылып кетуі мені шаршатып жіберді. Әр сотқа келген сайын өмірім бес жасқа кеміп бара жатқандай. Көз жасым шыққан сайын өліп бара жатқандай сезінемін", - дейді марқұмның анасы Айша Төлемісова.


Айзат Әбдісаматтың анасы әр сотқа қатысу үшін Шалқар ауданынан арнайы келеді. Бүгін Ақтөбе қалалық сотында қаралуға қатысты қылмыстық іс айыпталушының қорғаушысы ауырып қалуына қатысты кейінге қалдырылды.


"Мен математика пәнінің мұлалімімін. Ана жақта жұмысымның сапасы нашарлап кетті. Сотқа келу үшін қайта-қайта сұранамын. Сабағымда әркімге тапсырып, сот болатын күні қалаға жүгіремін. Орныма "апа, барыңыз" деп әркім сабақ беріп жүр. Сот созылып барады", - ашынған дейді Айша Төлемісова. 




Көрілген: 682    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 10.10.2018, 19:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Желтоқсан, 14:05
    Бұл не масқара! (видео)
    18 Қараша, 11:42
    Ерекше құдалық (ВИДЕО)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31