Қабанбай ат шалдырған қайран Күнес!

Қабанбай ат шалдырған қайран Күнес!

Аңыздар алысқа жетелейді. Көнекөздердің айтуынша, Тәңір еркесі—Шыңғысханның батысқа жорығы кезінде Күнес Темучинның жазғы ордасы болған-мыс... Сонда атының айылын босатып, ауыздығын алған деседі. Сонан болар киелі өлкенің тау-тасы әліге дейін сырын алдырмай тұрғаны... Хош, көшпенділердің тұлпарының тұяғы тиген сол өлке бүгінде Ханзу деген ұлттың иелігіндегі Қытай мемлекетінің меншігіне өтіп кеткеніне де талай жылдар болыпты. Іле Қазақ аутономиялы облысының Іле аймағына қарасты әкімшілік-территориялық құрлым қазіргі таңда дүние жүзіндегі қазақ ең көп әрі тығыз қоныстанған аудан болып есептеледі. Халқының 80 пайыздан астамы қазақтар. Ірі туристік орталық Ақөзен жайлауы, Нарат сахарасы, Қабанбай шоқысы осында. Жуырда осы өлкеде өткен күндерден көңілге түйгендерді қорытып, қияндағы қандастардың өмірі, күнделікті тіршілік, салт-дәстүрі, хал-ақуалы туралы жазбаны оқырман назарына ұсынғанды жөн көрдік.
Тянь-Шань сiлемдерiнiң Iле бойындағы Тоғызтарау ауданына тиесiлi өңiрiнде, шығыс-солтүстiктен батыс-түстiкке қарай көлбеп жатқан, теңiз деңгейiнен 4257 метр биiктiкте бiр шың бар. Алыстан буалдыр тартып, ұшар басы жылдың төрт маусымында бұлт бүркенiп, қар жамылып, мұз құрсанып жатады. Жергiлiктi жұрт мұны Қабанбай шоқысы деп атайды. Шың басынан етекке қарай қабатты, қатпарлы қожыр тасты тау жыныстарынан қалыптасқан. Шығысы шың басынан екi шақырымдай еңкейгенде егiлме қорым, тартпа құм, тұнба, саз, көк шымды жадағайлау беткейлерден тұрады. Осыдан бiраз жыл бұрын Қытай экспедициясы шыңды бағындырмаққа ниет еткен. Алайда, соңы сәтсiздiкке ұшырап, бiрнеше адам мерт болған. Бiр сөзбен, тағанын жатқа таптатпаған, сырын бермеген сұлу шың. Ел арасында ол туралы алуан түрлi аңыз, әфсаналар бар. Көбiсiнiң желiсi бiрдей. Жоңғарлармен шайқасқан Қабанбай батыр сол шыңға атымен шауып шығып, жау қолының шамасын бақылап отырады. Тебiнгiдей жер үшiн тiзе бүгiлгенше күрескен баһадүр қартайған шағында жоңғарлармен болған кезектi шайқасында осы шыңның басында өзiнiң қубас атымен «шаба алмасаң саған серт, ала алмасам маған серт» деп уағдаласқан дейдi көнекөздер.
Қытайлардың өзi «Ка Бан Бай Шүэ Фың» деп биiгiне қараса көзi талатын, қазақтың асқақ рухындай құзар шыңның етегiнде туып-өскен Күнес жұртының жетiдегi баласынан жетпiстегi қариясына дейiн тамсанып айтатын әңгiмесi осы. Анығында, өрлiк пен өршiлдiктi таулардың биiктiгiмен өлшейтiн алаштың асқақ рухын жаттың қолында қалған осы шың бар әлемге танытып тұрғандай әсер бередi... Аңыздың астарында ақиқаттың жататыны тағы бар. 1750 жылы Жоңғар қақпасындағы қазақтың iрi жеңiсiнен кейiн Абылай өз ордасын Iле өңiрiндегi Күркiлдеуiк деген жерге тiгiптi. Олай болса, Хан батырдың бұл жерден бой көрсетуi әбден мүмкiн. Хан жүрген жерде әскербасы болуы табиғи нәрсе. Ал 1749 жылы Қалден Церен өлген соң Лама Дөржi таққа отырған. Хан өзгеруiне қарай, ертең не боларын болжай алмайтын аласапыран кезде Қаракерей Қабанбай батыр шекарада жаудың ауанын байқап, сарбаздарын сақадай сайлап отырғаны анық. Ол жер Жетiсудiң түу шығыс басы Күнес жайлауы екендiгiнде дау жоқ...
Ол Тәңiртаудың (Тянь-Шань) Хантәңiрден кейiнгi екiншi биiк шыңы. Қысқы температурасы нөлден төмен 40- 380C, ал жаз айларында 10-120C жылы болады. Iле дариясының басты су қайнарларының бiрi болып есептеледi. Батыс қыры жоталана келiп ойысқанда Еренқабырға, Көлқайқы салмауларымен түйiлiседi. Оңтүстiк бауырында Шашы өзенiнiң бiр тармағы Тұйықшаның адуын атпал өзенi буырқана жөңкiледi. Ал арғы бетiнде көркi көз сүрiндiретiн төр жайлаулар малға толып жатады. Шоқының айналасын самырсын қымтап, ақ қайың, қызыл шетен, құла тал, жақпар тасты жасыл арша жамылып, шоқыны жасыл мақпал қамзол кигендей түрлендiрiп тұрады. Ұлы таудың ұлары шулап, "Қаусырма қара" қыраны заңғар кеңiстiкте шарқ ұрады. Ақ иек ителгi, қайрақ түстi қаршыға, тағы басқа құстары құжынай самғап ұшып, сырғи қонып, табиғат дүниесiне тамаша көрiк, бөлекше салтанат бағыштайды. Түз тағысы қоңыр аңдардан, арқар, құлжа, тауешкi, таутеке, бұғы, марал жосыла өрiп, етегiнен елiгi жыртыла айырылып жатқан ұлы таудың иелерi азая бастаған. Оған себеп, экологияның бұзылуы мен заңсыз аңшылық себеп болып отыр. Дегенмен, шың басында Тәңiртаудың сары аюы, арыстаны, iбiлiс, сiлеусiн, кәмшат сияқты тұқымы аз, сирек кездесетiн аңдары да тiршiлiк етедi.
Шың етегiнде Шыңжаң өлкесiнiң туризмiне қан жүгiртiп отырған Тоғызтарау ауданына қарасты Көлденең, Шашы жайлаулары бар. Әлi күнге биесiн сауып, малын өсiретiн қазақтардың ұлттық салты мен ғұрпы сақталған. Жылына 100 мыңдаған турист келетiн Көлденең жайлауында Қытай үкiметi тарапынан Қабанбай батырға қойылған ескерткiш те бар, онда батырдың жоңғарлармен шайқастағы ерлiктерi тасқа ойылып жазылған. Жергiлiктi тұрғындардың айтуынша, хас бабаның рухы қорған болған өлкенiң қазiрге пұшпағы бұзылмапты. Дегенмен, қаракөздердiң алаңы көп...

Байқасаң Iле — жердiң ортасындай...

Байқасаң Iле — жердiң ортасындай,
Егерде дене болса қолқасындай.
Тауы — алтын, тасы — күмiс, ағашы — жез,
Сулары еркек қойдың сорпасындай,
— деп жырлаған алашшыл ақын Таңжарық Жолдыұлының,
...Кейде өзiңе бұлданып,
налушы едiм, Күнес-ай,
Алыс кетсем мұңданып қалушы едiм,
Күнес-ай!
Бауырыңа бiр барып енейiншi,
Күнес-ай,
Көзiм алды дымданып келейiншi,
Күнес-ай!
— деп тебiреніп, «Көк тудың желбiрегенi» деп ғаламат ән жазған ақын, композитор Ермұрат Зейiпханұлының ауылы осы шың етегiндегi көркi көз сүрiндiретiн Күнес ауданында едi. Рухтары аспан сүйген қос ақынның жыр жолдарынан туған жерге деген махаббат пен перзенттiк адалдық иiсi аңқып тұрғандай.
Күнес жайлы әңгiме қозғалса, алдымен ұлтшыл ақын Таңжарық еске түседi. Қытайдағы солақай саясаттың кесiрiнен тас түрменiң сыз еденiнен мысқалдап енген дерт ақын ұлды ақыры бақиға аттандырған. Кезiнде Кеген, Нарынқол аудандарында жетiжылдық мектепте оқып, кейiннен мұғалiм, «Iле» газетiнде редактор болып кызмет iстеген. Қарқарада Қойдым атты ақын қызбен айтысып, қазақ айтыс өнерiндегi тамаша үлгiлердiң бiрiн жасады. Алайда, құбылыңқы заман кесiрi кесек мiнездi, ұлтшыл түлғаның мұнда тұрақтап тұруына мүмкiндiк бермейдi. Ол 1925 жылы қараша айында баяғы туған жерiне қайтып оралады. Қосар атына теңдеп екi қоржын кiтап ала қайтады. Өз ауылына оралған соң жатпай-тұрмай елдi өнер-бiлiмге шақырып, ағарту жолына бастайды. Iле аймағын аралап, ұлтшылдық идеяларын таратып, өзiне көптеген сенiмдi серiктер табады. Бұдан сескенген Қытай билiгi мен ел iшiнiң жандайшаптары «Таңжарық ел iшiнде керi үгiт таратып жүр» деген жаламен 1926 жылдың күзiнде оны түрмеге қаматады. Ақылшы азаматының тас түрмеге қамалғанына қабырғасы қайысқан Күнес жұрты Қытай үкiметiнiң жергiлiктi ұлықтарына «азаматымызды босат, болмаса тартып әкетемiз» деп талап койып, табандылығымен абақтыдан шығарып алады. 1935 жылы наурыз айында Құлжа қаласында «Қазақ-қырғыз мәдени-ағарту ұйышымасы» құрылады. Әрi «Айқап» пен «Қазақ» басылымдарын алдырып, қазақ халқының тұңғыш жекеменшiк баспаханасын сатып алуға өзi бас болып, Қытай қазақтары атынан Мақсұт тәйжi бастаған Атымтай жомарттарды үгiттеп, «Қазақ» газетiне 600 сом көмек берген. 1935 жылы Қытай қазақтарының тұңғыш баспасөзi — «Iле өзенiн» шығаруды ұйымдастырып, алғашқы театр қойылымы Бейiмбеттiң «Шұға» пьесасын сахналайды. Осылайша, Iленiң жағасында тұлпарының тұяғы тозған, қазақтың атақонысының тұтастығын аңсаған ақын ұл Күнес ауданының iргесiнде ағып жатқан Шақпы өзенi жағалауындағы тепсеңге жерленген.
Нараттай жер қайда, Манаптай ер қайда?
Атам қазақтан қалған қара жер тарихтың талқысында киiздiң пұшпағындай ұлтарақтанып кеткенiн шеттегi қазақша жер аттарынан-ақ байқауға болады. Көзiмiздiң қарашығындай болған қасиеттi мекендер шекарадан адыра қалды. Сұлулығына көз қызғанатын төр жайлауларға қарасаң «әттеген-ай» деп өзегiңдi өкiнiш өртейдi. Сазгер Ермұрат Зейiпханұлының туған жер туралы әнiнде «Тiк көтерiп төбеме, әкетсемшi-ай өзiммен», ақын Жәркен Бөдештiң «...Туған жердiң бұлағы, толқыныңмен ат менi. Туған жердiң жыланы, шырылдатып шақ менi», — дейтiнi де осыдан болса керек. Мiне, сондай мекеннiң бiрi — Күнес ауданының Нарат пен Ақөзен жайлауы.
Күнес ауданы туралы қысқаша баяндасақ. Ол — дүниежүзiндегi қазақ ең көп әрi тығыз қоныстанған аудан. Халқының 80 пайыздан астамы қазақтар, 13 ауыл, 3 ферма, 4 қалашық, 100-ге тарта қыстақта 400000-ға жуық қандастар тұрады. Қытайдағы iрi туристiк орталық Ақөзен жайлауы, Нарат сахарасы осында. Тiптi, Күнес аудандық 1-орта мектеп (қазақ мектебi) Қытай бойынша қытайдан басқа ұлттар мектептерi iшiндегi ең үздiгi болып табылады. Жерiмен мақтанатын күнестiктер табиғатында қонақжай, дархандығынан айныған емес. Ондағы Нарат жайлауы — Азия бойынша таулы үстiртке орналасқан, шөбi шүйгiн, өсiмдiк жамылғысы көп аумақтардың бiрi. Ұлы үйсiннiң ежелгi мекенi саналатын Iле өңiрiнiң ең бiр көркем алқабы. Қытай қазақтарында Нараттың әсемдiгi турасында "Жiгiттi көрсең Манапты көр, атты көрсең кер атты көр, жердi көрсең Наратты көр" дейтiн сөз бар. Инфрақұрылымы жақсы дамыған. Нарат – Оңтүстiк, Солтүстiк Шыңжаңның маңызды қатынас торабына орналасқан. Батысы Күнес ауданы арқылы Құлжа қаласымен жалғасады. Шығысы ертедегi жолдарды бойлап, Балғұнтайдағы тасжолмен түйiседi. Бұдан сырт, Тәңiртауын көлденең кесiп өтетiн Майтау-Күшәр тасжолдары да Нарат сахарасы арқылы тұтастырылған. Осындай абзал табиғатына сүйiнген Қытай үкiметi бұл күнде аталмыш аймақты бүкiл Қытай жұртына аты мәшһүр демалыс аймағына айналдырып, ұшақтардың қонуына лайықтап, арнайы әуежай салып та қойды. Өлке орталығы – Үрiмжi бағытында күнiне бiрнеше ұшақ қатынайды.
Қазақтың киiз үй пiшiнiндегi қаз-қатар салынған үйлерде тұрып, мал шаруашылығымен айналысатын жұрт жаз жайлауға кетерде үйлерiн сондағы әкiмшiлiкке жалға берiп туристердiң түстенуiнен табыс тапса, ендi бiразы қазақтың ұлттық тағамдарын саудалайды. Мұнда бәрi табылады. Күймеге жеккен серке, қыран бүркiт, жүйрiк ат пен тазысын туристердiң қызметiне берiп, кiрiс кiргiзетiндер де баршылық.
Өрiктi сайдағы ой
Күнес пен Нылқы ауданы шекарасында Өрiктi сай (Өрiктi аралы) деген жер бар. Аты айтып тұрғандай, тау бөктерiндегi сай iшi самсаған жабайы өрiк ағашы, бейне бағбан келiп егiп кеткендей. Бала кезiмде жазғы шөп шабыста әкем осы Өрiктi сайдан қарасұр атпен қоржын толы сап-сары өрiк терiп келетiн. Жыл сайын жемiс пiскен мезгiлде, әкемiздi атқа қондыруға асығатынбыз. Кейiннен әкем Өрiктi сайға бiржолата бармайтын болды. Себебiн айтпады. Бiраз уақыттан соң ауыл жұрты гу-гулесiп жүрдi. Айтуларынша, Өрiктiден құт қаша бастапты. Қытайлар ертемен бар жемiсiн үзiп, қырдағы елге саудалайды екен. Сонан болса керек, соңғы бiрнеше жыл көлемiнде Өрiктi сайда ордалы жылан қаптап кетiп, қытайлардың аяғы саябырлапты. Ендiгiде өрiктiң қожасы жыландар болмақ.
Араға жылдар салып жол түскенде Өрiктi сайды да көрдiм. Табиғат ананың сыйы сол қалпында екен. Тек аумағы темiр торлармен қоршалып, Қытайдың iшi-сыртындағы фотографтардың бас қосып, көркемсурет түсiретiн орнына айналыпты. Алайда, ондағы туристердiң көбiсi — қытайлар. Ойымда «жыландар қайда кеткен?» деген жауапсыз сұрақ қалды. Көшпендiнiң басты байлығы жер екендiгiн ескерсек, Қытай билiгi ондағы егiншi-малшы қауымды қалаға «отырықтандыру» арқылы, жайылымдық, егiндiк жерiнен жасырын айырып отырғандығын аңғаруға болады.
Осыдан бiрнеше ай бұрын ғаламторда күнестiк қазақ жiгiтiнiң жерiнен қалай айырылғандығы туралы ақпар тарады. Жергiлiктi үкiмет Күнес ауданының орталығына жақын ең шұрайлы жердегi үш мыңнан артық отбасыны 2011 жылдан бастап көшiрумен болған. Күнес қаласын кеңейтiп, жаңа қала саламыз деген сылтаумен жерлерiне «құда» түсе бастаған. Жер – диқанның жаны. «Жерден айырылсақ не iстеймiз?» деген диқандарды аудан әкiмшiлiгi «алты жылдан асқан жер құжаттарын жаңалап беремiз» деп иелiктерiндегiнi алып алған. Әрi жерiмiздiң әр муына (бiр му 6,7 сотық) 25 мың юаньнан беремiз деп айтқан. Бұған диқандар келiспесе, түрлi тәсiлдермен келiсiмге қол қоюға мәжбүрлеген. «Жердiң қызығын аудандық партком хатшысы көрiп жатыр», — дейдi әлгi жiгiт. Айтуынша, әр муын 25 мың юаньнан алған шенеунiктер бұл жерлердi Қытай компанияларына 400 мыңнан 450 мың юаньға дейiнгi бағаға сатыпты. Арызданып Бейжiңге барған жiгiттiң iсi «жабулы қазан жабулы» қалпында қалыпты. Бiр сөзбен айтқанда, ондағы қазақша жер-су аттары бiртiндеп ханзулардың тiлiнде жазылып, аталынуда. Жерiңдi алса, нең қалды, қайран қандас?!

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста