Мәселе

Қабанбай батыр кімнен кем?

  • Қабанбай батыр кімнен кем?

    Қабанбай батыр кімнен кем?

Иісі алаш баласы өз алдына ел болып шаңырақ көтергелі бері, сол елді, жерді қорғау үшін талай арыстан жүрек боздақтар жанын қиды. Күндіз отырмады, түнде ұйықтамады. Қара қазан, сары баланың қамы үшін егеулі найза қолға алды, еңку-еңку жер шалды. Содан болар шаңырағымыз кей тұста шайқалсада, құламады. Құлатпады. Сол батырларымыздың, хандарымыздың, билеріміздің арқасында исі қазақ талай тар жол тайғақ кешулерден аман өтті. Еңселі елге айналдық. Алайда сол баһадүрлерімізді есіркей алып жүрміз бе? Қайдам? Әрине, елдімекен, көше аттарын беріп жатырмыз. Жөн-ақ. Бірақ тәуелсіз ел аталып, ерен істерімен ерлеп жүрген тұлғаларымыздың төсіне қадайтын бір орден, не болмаса бір медал елім деп еңіреп өткен ерлеріміздің атымен аталмапты. Жұрттан көргенді қағып алатын, еліктегіш-ақ ел едік. Ең құрмағанда алысқа бармай-ақ, көрші жатқан айыр қалпақты қырғыздан өнеге алу керек-ақ еді.Оларда Манас атында орден бар. Ең құдіретті марапат. Әйелде болса,ер атанған,ел анасы атанған Құрманжан датқа атында тағы да орден бар. Азғантай батырын аспанға көтерген азғантай қырғыздан айналасың! Біз ше? Біз де батыр болмаған сынды. Ордендеріміз жалпылама атаумен «Парасат» «Достық», «Айбын» т.б болып кете береді.Ұлы қолбасшы, дарабоз батыр Қабанбай кімнен кем еді? Қазақ-Жоңғар арасындағы барлық шайқасмқа қатысқан, соғыстың бас батыры атанған Қабанбайдың атымен неге бір орден шығармасқа? Тек бір Қабанбай емес, елі, жері үшін жанын қиған қазақтың аяулы ұлдары көп емес пе? Неге оларды есіркемеске, неге ұрпаққа үлгі етпеске? Алайда, маңызды мәселеге мән берілмей қалыс қалуда. Өкінішті.


Дәл осындай ойды, өзекті мәселені осыдан біраз бұрын журналист Сәкен Нұрқабекұлы көтерген еді.


«Неге ұлы тұлғаларымыздың атында бірде-бір орден жоқ?» — деген ол әлеуметтік желідегі парақшасында былай депті. «Күні кеше Қазақстан президенті Сербия басшысын «Достық» орденімен марапаттады. Ал, Н.Назарбаевқа Әулие Савваның атындағы орден берілді. Қызық көрініп кетіп, Қазақстанның мемлекеттік ордендерінің атауларын шолып шықтым. Бізде кие тұтатындай, сакральді атаулар жоқ екен.


Әулие мен батырлардың есімдері халықтың рухын көтереді деуші еді. Не батырды, не әулиені мойындамайды екенбіз.


Әйтпесе есімі орденге сұранып тұрған тұлғалар жетіп-артылатын сияқты.


Қазақстан Республикасының ордендері:


1) Алтын Қыран

2) Отан

3) ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтана Назарбаев атындағы орден

4) Даңқ

5) Айбын

6) Парасат

7) Достық

8) Құрмет

9) Барыс

10) Еңбек даңқы Атаулар тым жеңіл көрінген соң, басқа жұртты көрейінші деп шетелді шола бастадым.


Ресейде:


Орден Святого апостола Андрея Первозванного

Орден Святой Екатерины

Орден Святого Александра Невского

Орден Святого Георгия

Орден Святого Владимира

Орден Святой Анны

Орден Святого Иоанна Иерусалимского

Орден Святого Станислава


Украинада:


Орден князя Ярослава Мудрого

Орден Богдана Хмельницкого

Орден Героев Небесной Сотни

Орден княгини Ольги


Бұларды қойшы, Еуропаның көзі ашық қой деп, Францияға секірдім:


Орден Святого Михаила

Орден Святого Духа

Орден Святого Лазаря Иерусалимского

Орден Кармельской Богоматери Военный

Орден Святого Людовика

Орден Святого Губерта


Испанияда:


Орден Карлоса III

Орден Королевы Марии Луизы

Орден Святого Фердинанда

Орден Святого Эрменегильдо

Орден Изабеллы Католической

Орден Сиснероса

Орден креста святого Раймунда Пеньяфортского


Бәрін қойшы, өзіміздің бауырларда қалай екен деп, байекелер мен акаларды қарап шықтым.


Қырғызда Манас деген жалғыз батыр еді, соған үш дәрежелі марапат беріліпті.


Ал, Өзбекстанда Әмір Темір мен Жалолиддин Мәңгібердінің атында бір-бір марапаттан бар», — деп жазыпты Сәкен Нұрқабекұлы.


Апырай ә. Бәрінен мақұрым қалған біз екенбіз.


Орденге лайықты хандар мен батырлар, билер мен әулиелер неге атаусыз қалған? Бұл да рухани жаңғырудың бір белгісі емес пе?


Билік ойналар, бәлкім…




Көрілген: 324    Пікірлер: 0

сейсенбі, 08.01.2019, 21:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Қаңтар, 11:02
    Мені өлтірмеші, мама!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31