Мәселе

Қажылықтан келген ақсақалдың аяғын сүйіп, ақ киізге салып көтергендер елді шошытты

  • Қажылықтан келген ақсақалдың аяғын сүйіп, ақ киізге салып көтергендер елді шошытты

    Қажылықтан келген ақсақалдың аяғын сүйіп, ақ киізге салып көтергендер елді шошытты

 Әлеуметтік желіде қажылыққа барып келген қарияны ақ киізге көтеріп, аяғынан сүйгендер көпшілікті шошытты. Видеоны көрген желі қолданушылары аталған әрекетке қатысты түрлі пікір білдіріп, өзара дауласты деп хабарлайды NUR.KZ.

Қарияны қарсы алушылар аулаға мерекелік шарлар іліп, ақ жібек мата жайып, оның үстіне раушан гүлдерін сеуіп тастаған. Бір қарағанда "Қыз Ұзату" тойындағы заманауи шығарып салу дәстүріне ұқсайды. Кейіннен қолына нан ұстаған ақ киіздегі қартты алып кіреді. Оны көрген қарсы алушы топ "Аллаху Әкбар, Аллаху Әкбар" деп, қарияның аяғын сүйіп, денесін ұстайды.

Видеоны көрген желі қолданушыларының бірі мұны ежелден келе жатқан қазақтың дәстүрі десе, енді бірі аталған жәйтті жат ағым өкілдерінің әрекеті деген болжам айтты.


"Қажылықтан келген кісі ғой. Туған туыстары күтіп алған. Кішкене артықтау", "Бұл кəдімгі қазақылық қой, артық қылам деп тыртық жасайтын", "Масқара, бұл кім сонша? Ақ киізге тұрғызып, xан сияқты күтіп алды ғой. Аллаға серік қосу ғой мынау", "Қажылықтан келген ұстазына көрсеткен құрмет. Пайғамбарымыздың с.а.с басқан жерін басып келген аяғын жерге тигізбей күтіп алу ежелден бар", "Неге адамдар тәу етіп жатыр?! Алладан басқа ешкімге иілуге болмайды ғой", "Мынау адасушылық қой, сұмдық ай! Мен қыз ұзатылып жатыр ма десем", - деп жазған желі қолданушылары.




Көрілген: 771    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сейсенбі, 12.09.2017, 15:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30