Мәселе

"Қалай болғанын білмеймін" Алматылық жігіт 3 млн теңгесінен айырылып қалды

  • "Қалай болғанын білмеймін" Алматылық жігіт 3 млн теңгесінен айырылып қалды

Әу баста ойыншы лотереяға 50 мың теңге тіккен, кейін 100 мыңға көшіпті, ақыр соңында бар ақшасын ұтқызып жіберген. Алматы тұрғыны көлік алмақшы болған 3 миллион теңгесін Астанада лотоға салып жіберді. Тіпті, кері қайтуға ақшасы қалмапты.


Амалы таусылған 33 жастағы жігіт "Астана" арнасына хабарласып, көмек сұраған.

Ол "лото-клуб тым құрығанда міндетті деген 10 пайыз өтемақыны төлесін" деп отыр. Әу баста ойыншы лотереяға 50 мың тіккен. Кейін 100 мыңға көшіпті. Ақыры ұтыс шықпай, бар соманы бір-ақ тігеді.

"Қалай бүкіл ақшамды ұтылып қалғанымды білмеймін. Көлік аламын деген қаражат болатын. Олар маған тиісті 10 пайыз өтемақыны қайтаруын талап еттім. Нәтиже жоқ. Тек әкімші келіп өз ережесін айтып, қайта кетіп қалады", - дейді Нұрдүн Қожамбердиев.


Клуб әкімшілігі ұтылған соманың 10 пайызы қайтарылу керегін жоққа шығармайды. Бірақ, бұл ереже тек "казиноларда" жүреді екен.


"Бүкіл ереже кіреберісте жазылып тұр. Ойынға құнықпауға шақыратын ескертулер де ілінген. Бізде өтемақы деген атымен жоқ. Ол бізден ұтылған ақшасының 10 пайызын неге сұрап жатқанын мүлде түсінбеймін. Ойнаған өзі. Бұл оның өз таңдауы болды", - дейді лото-клубтың әкімшісі Гауһар Әбдірахманова. 




Көрілген: 274    Пікірлер: 0

жұма, 15.03.2019, 10:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31